«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
 

 

 

 

" /> Мәдениет дегеніміз - өзіңнің . ұлтыңды өліп-өшіп сүю
Мәдениет дегеніміз - өзіңнің . ұлтыңды өліп-өшіп сүю
Дайындаған: 2 ай бұрын


        Халыққа қиянат жасаған үкіметтен, биліктен кешірім сұрамаймын…
Ұлты үшін құрбан болуға шыдаған­дық – ұлтшылдықтың осы күнде ең берік ережесі.
Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғам, оны үзе алмаймын, үзу қолымнан да келмейді.                                         .
Ұлтшыл болу – адамшылық ісі емес, заманның ісі. Адам туа сала ұлтшыл, туа адамшыл бола бермейді. Ұлтшылдық сезім де сол сықылды: әуелі үй ішінен, одан қала берсе туған ауыл, туған жерден бастап жоғары өрлейді. Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
 

        Қазақы тәрбие алмаған, қазақша сөйлеп, қазақша ойлай алмайтын қазақтардың өзін жоғары билікке жақындатуға болмайды.
Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын; [әркім] баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек… Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды.                                                                                 .
Балаға бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек.
 

        Өнер, ғылым – қаражатпен табылады, өнер, ғылым – қаражат табады; қаражат жан асырайды. Халықтың бай өнерлі болып жетілуіне де байлық керек. Жалаңаш кедейге өнер үйрен деу – өгізбен жарысып бәйге ал деген сияқты.
 

       Ұлты үшін қызмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Жапония, Англия, Түркиялар; олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі. Есейген соң бар білімін өз жұртының күшеюіне жұмсайды.                                      .
 

        Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да – оқығаны. Оқығанын қазақ сыйлайды, соңынан ереді. Білімді, ақылды, жақсылықты, үлгіні, тәртіпті, ақиқатты, әділдікті, қызметті – оқығандарынан күтеді.

Оқығандар!                                                                                                                 .                                        

Бұл уақыт жан тыныш­тығын іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, қызмет қылатын, еңбек сіңіретін уақыт.                                      .                                                                        Ойланыңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз; олай болса, мойнымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр.                           .
 

«Ұлттың жаны – әдебиет»                                                                                .
«Ана тілін жақсылап меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес».
 

        Қытайдың соғысынан емес, саудасынан қорқу керек. Олар сауда жасап жүрiп-ақ қатын-бала, үмек-шүмегiмен сабанның топанындай ағылып келiп, сенiң жерiңе атақонысындай орнығып алады. Ел алу, жер алу – Қытайға түкiргеннен де оңай. Ол көптiгiмен алады. Қаулаған өрттей басып қалады. Қытай өзiмен қоңсылас елдердi соғысып жой­ған жоқ, сауда жасап жүрiп-ақ жұтып қойды. Бұ сияқты жер алу, ел алу әдiсiн дүние жаралғалы тарих жүзi көрген жоқ шығар.                                                          .

Жүсіпбек Аймауытұлы

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер