«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Байдәлі бидің төрт нақылы
Байдәлі бидің төрт нақылы
Дайындаған: 5 ай бұрын

       Бозбала кезінде Шорман би тоқсанға келген Байдәлі биден батасын алайын деп, барып сәлем береді. Кәрілік жеңген Байдәлі би сөз арасында:

  –   О, кәрілік мен саған не жаздым! – дегенді  қайталай беріпті. Ертеңінде Шорман қайтқалы тұрғанда, қарт би одан, «Балам, менен не алып қайттың,» – дегенде, Шорман: «О, кәрілік мен саған не жаздым», дегеннен басқа ештеңе ести алмадым, – дейді.  Сонда, Байдәлі би Шорманға:

  –   Сөздің анасы сенде, баласы  менде еді - ғой, бала табуға ана ұмтылмаса, бала қайдан туады. Өзің сөз суыртпақтамасаң мен нені айтамын, алыстан  келген екенсің төрт ауыз нақыл сөз айтайын соны ала кет, – дейді.

Байдәлі би:

  –    Алыста не алыс,

       Жақында не жақын?

       Тәтті де не тәтті,

       Ащы да не ащы?  – деп сұрапты.

Шорман:

 –    Алыста – жер мен аспанның арасы алыс,

       Жақында – ерлі – зайыптының  арасы жақын.

       Тәттіде – зайыбыңнан туған балаң тәтті,

       Ащыда – туған балаңнан айрылсаң сол ащы, – депті. Сонда Байдалы би:

«Кейде бұл айтқаныңда жарайтын шығар. Ал, ақиқаты жер мен аспанның алыстығы жоқ, көзге көрінеді. Ерлі – зайыптылардың жақындығы жоқ, араздасып олардың талайын айырған едім. Жақын болса олар бір – бірін қиып айрылар ма еді? Әке мен бала арасында да, араздықтан бөлінгендерін көрдім. Баладан айрылғанның да ащылығы жоқ.  Олардың шешімі манау:

 –   Алыста – білімді мен наданның арасы алыс,

     Жақында – өлім жақын.

     Тәттіде – жан тәтті,

    Ащыда – жаннан айрылу ащы, – деген екен.  

 

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер