«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Сегіз сері айтқан екен ...
Сегіз сері айтқан екен ...
Дайындаған: 4 ай бұрын

       Қазақ еліне тамылжыған әуенді әнімен кеңінен танылған Сегіз сері Баһрамұлының азан шақырып қойған аты Мұхеметқанапия.  Сегіз сері әрі ақын, әрі ән мен күй шығарған халық компазиторы және патшалық ресейдің қазақ жұртына жасаған зорлық – зомбылығына ашық қарсы шығып, өз елінің намысын қорғаған батыр. Бірақ қазіргі ұрпаққа оның аты, тек серілік құрған деген жаңсақ ұғыммен жеткен. Бұл ұғымды кезінде халықты бодандықта ұстау үшін оның ерлігін ұмыттырғаны патшалық өктемдік сясаты еді. Кейін, оны кеңес өкіметі жалғастырғаны белгілі. Сегіз серінің көптеген  ел арасына тараған ұрпаққа өнеге  болатын өлеңдері ұмыт болған. Ел ішінде ауыздан –  ауызға тарап ел жадында қалған мына бір өлеңі қазіргі жұрттың көңіліне талай ой салатын шығар.

      Сегіз сері нөкерлерімен кіші жүзде жүрген кезінде Ақбұлақ деген өзеннің бойындағы бір отырыста айтыпты деген сөз ел жадында әлі ұмытылмапты.

Сегіз сері:

 –   Саудагерде ар болмас,

Жезөкшедей қар болмас,

Мал шашқан жігіт бар болмас,

Өзен судан өткенде,

Асылып оған жүзсеңде,

Дөңбек ағаш сал болмас.

Ұрлықтың малы мал болмас,

Науқас жеңген жігітте,

Қажыған соң хал болмас.

Шілік өсіп тал болмас,

Таңдап сүймей жар болмас.

Зайыбын шігіт шын сүйсе,

Сұлуларға зар болмас.

Талаптанған ер жігіт,

Несібеден құр болмас,

Табыс таппай пұл болмас,

Харамның жолы оң болмас.

Адал жігіт досына,

Көмек берер, тор құрмас,

Ақылсыз жігіт зор болмас,

Өнерлі жігіт қор болмас, – деген сөз қалған екен.

 

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

      

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер