«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қаперде жүрер қағидалар
Қаперде жүрер қағидалар
Дайындаған: 1 ай бұрын

Сөздің анасы – сәлемдесу. Сәлем беріп, сәлем алғанда жылы жүзбен көзге тіке қарап, шын пейілмен амандасады. Қолдың ұшын тигізіп немесе басын басқа жаққа бұрып тұрып амандасуға болмайды Кім бұрын «Ассалаумағалайкүм!» деп сәлем берсе оның алатын сауабы көп болмақ. Сондықтан жастардың көбірек сауап жинағаны жарасады. (Бұл тәртіп короавирустық карантин кезіне жүрмейді).

Еркек пен әйел қол беріп амандаспайды. Бірақ әйел бірінші болып қол созса оны дереу алу керек (карантин кезіне жүрмейді).

Көпшілік орында, дастархан басында кейін келген адам жағалай бәрімен қол беріп амандаспайды. Бәріне ортақ «Ассалаумағалайкүм» деп амандасса жетіп жатыр. Отырғандардың бірі «Уәликүмсалам» десе бәрі сәлем алған болып есептеледі.

Дәретханада, моншада сәлем бермейді, сәлем алмайды. Бас изесіп, амандасуға, хал-жағдай сұрасуға болады. Одан сыртқа шыққан соң ғана «Ассалаумағалайкүм!», «Әликүмсалам!» деп сәлем беруге, сәлем алуға болады.

«Алланың құлағына шалынсын!» деп айтуға болмайды. «Періштенің құлағына шалынсын!» деп айту керек.

Пайғамбар жасы туралы түсінбестік көп. Біреулер 61 десе біреулер 63 деп таласады. Дұрысы қайсы? Пайғамбарымыз (с.ғ.с) біздің қазіргі қолданыстағы григорян күнтізбесі бойынша 571 жылы туып, 632 жылы 61 жасында қайтыс болған. Сонда Пайғамбар жасы 61 екен. Ал 63 жас григорян күнтізбесі мен мұсылманша Хижра жыл санауының айырмашылығынан туған. Григорян күнтізбесінде бір жылда 365 күн болса, Хижрада 355 күн бар. Бір жылда он күн, үш жылда бір ай, отыз жылдан асқанда бір жыл, 60 жылдан асқанда екі жыл айырмашылық шығады. Сонда григорян бойынша 61-іңіз хижрамен 63. Әлгі 63-ке толдым, Пайғамбар жасына жеттім деп жүргендер іс жүзінде хижрамен 65-ке толғаны.

Енді мүшел жас туралы. Адам 24-ке, 36-ға, 48-ге, 60-қа, 72-ге толып, бір күн асқанда мүшелге кірген болып табылады. 25-ке, 37-ге, 49-ға, 61-ге, 73-ке толған күні мүшелден шығады. Биыл 1960 жылы туғандар мүшелге кіріп жатыр.

Біреу түшкірсе «Сау бол!» деу – орысша «Будь здоров» дегеннің калька аудармасы. Дұрысы түшкірген адамның өзі алдымен «Әлхамдулилләһ!» деу керек, мұнысы Аллаға шүкіршілік айтқаны. Оны естіген адам «Яркаму каллах» (Алла саған рақым етсін!) дейді. Қазақша «Жәрәкімалла!» дегеніміз сол.

Ер адам алтын сақина, алтын шынжыр, алтын жүзік (печатка), алтын сағат, алтын әшекей тақпайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) алтын мен жібекті ер адамға харам еткен. Некелік рәсімде ер адам алтын орнына күміс сақина тағуына болады.

Неке әйел мен еркектің одағы әрі Алла тағала тарапынан еркекке берілген аманат. Еркек пен әйелдің бір бірінің алдында хаққылары яғни міндеттері болады.

Еркектің әйелінің алдында оны бірінші – баспаналы ету, екінші – ішіндіру, үшінші – киіндіру, төртінші – оған имандылық қағидаларын үйрету сияқты төрт міндеті болады. Еркекке үш тыйым бар: бірінші әйелін себепсіз ұруға, екінші балағаттауға, үшінші бір жаққа шыққанда жөнін айтпай кетуге болмайды.

Әйелдің күйеуінің алдында төрт міндеті болады. Бірінші күйеуінің абыройын қорғау, екінші күйеуінің ата-анасы мен туыстарын сыйлау, үшінші күйеуінің тапқанын ұқсату, төртінші балаларына күйеуінен үйренген, өз бетімен үйренген имандылық тәрбиесін беру. Әйелге де үш тыйым бар: бірінші, күйеуінің рұқсатынсыз үйге бөтен еркек қондырмайды, екінші, күйеуінің рұқсатынсыз жол жүрмейді, үшінші, күйеуінің рұқсатынсыз үйдегі затты, бұйымды, құралды біреуге бермейді.

Әкесін құрметтейтін бала тәрбиелеген әйелді жақсы әйел дейді. Балаларын әкесіне қарсы тәрбиелеген әйелді жаман әйел дейді.

Шалбарды отырып киеді, суды түрегеп тұрмай, отырып үшке бөліп ішеді.

Мұсылман адам өз үйінде де жалаңаш жүрмейді.

Садақа бергенде мұсылманға оң қолмен, ал басқаларға сол қолмен береді. Берген садақаны ешкімге сөз етпейді. Жария етілсе сауабы жойылып кетеді.

Өз жақындары қиын жағдайда тұрғанда бөтен адамға берген садақа қабыл болмайды. Садақаның мөлшері 7 немесе 70 теңге емес. Бір теңге берсең аз болмайды, миллион теңге берсең көп болмайды.

Еркекте әкесінің елі – өз жұрты, шешесінің шыққан елі – нағашы жұрты, келіншегінің елі – қайын жұрт болады. Ал әйелде қайны, қайын сіңлі, қайын аға, қайын ене, қайын ата болады. Бірақ қайын жұрты болмайды. Әкесінің елі – төркін жұрты, анасының елі – нағашы жұрты, күйеуінің елі өз жұрты болады. Әйел адамнан елін сұрағанда бірінші күйеуінің елін айту міндетті.

Қаралы жиында әйел сөз бастамайды, әйелдер жерлеу рәсіміне қатыспайды, бейіт басына бармайды.

Тойда, туған күнде, мерейтойда, түрлі қуаныштарда алкоголь ішімдікпен айтылған тілекті Алла тағала қабыл етпейді. Жалпы бір рюмке арақ ішкен адамның одан соң қырық күн бойғы тілеген тілегі қабыл болмайды.

Абыз сөзі мұсылманша хафиз сөзінен шыққан. Құранды жатқа білетін адамды қари, жатқа біліп қана қоймай оны тәпсірлейтін (түсініктеме бере алатын) адамды хафиз дейді. Абайдың өзін ешкім Абыз деген емес. Абайды хакім (оқымысты) дейміз. Сондықтан қаншалықты құрметті болса да Құраннан хабары жоқ адамды Абыз деп дәріптеуге болмайды.

Баланың туған күнінде әкелген торттағы майшамдарды үрлеп өшіртуге болмайды. Оттың өшуі қазақ үшін өте жаман ырым!

Қазақ әйелінің балаларын орысша сөйлетіп, орысша тәрбиелеуі – өз ұлтына опасыздығы.

 

Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев) - жазушы-публицист, 

 

ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 


0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер