«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Мәтжан бидің батасы
Мәтжан бидің батасы
Дайындаған: 2 ай бұрын

      Онбес жасында Мәтжан нағашысы Көбен биге барып сәлем беріпті. Көбен би адуын, мінезі алғыр адам екен. Біраз күн жатып қонақ болған жиенінің сөз саптауына қарап, оны жақсы қарсы алыпты. Жиені қайтар кезде:

  –  Ал жиен шырағым, бұйымтайың болса қысылма айта отыр, – деген екен. Сонда Мәтжан ойланбай:

  –  Нағашы, құдай берген байлығым өзіме жетерлік, менің бұйымтайым елге барғанда айта жүретін, жұртқа өсиет болардай ақылыңыз бен нақыл сөз, батаңызды естісем деген ем, – депті. Сонда Көбен би:

  –  Қонақ болып жатқаннан бері  айтылған ақыл – нақыл сөздерді көкейіңе құйып алған шығарсың. Өз ақылың өзіңе жетерлік көрінеді. Тек тілің тым сүйір екен, соған ие бола жүру есіңде болсын. Аумин! – деп бата берген екен. 

      Сол Мәтжан есейген биліке араласып жүрген кезінде, біраз өздерін мықтымыз дейтін    болыс, бай – шонжарлармен бір тойда табақтас болып қалады. Дәулеттері мен атақтарына мастанған мықтылар төр жақта дуылдасып, шоғырланып бөлектеніп отырады да, басқаларға көңіл аудармайды. Мәтжан би олардан төмен отырып қалыпты. Тамақ желініп, дастарханға бата тілеген кезде, төрдегі өңшең шояндар бірі – біріне сілтеп «бата сізден болсын» деп отырып алады. Осы кезде Мәтжан қол жайып:

  –  Иә, Алла оңда, аруақ қолда. Темірдей байдың бұқпасынан сақта. Шотанның ықпасынан сақта. Құдайбергеннің жылағанынан сақта. Сейттің сұрамшақтығынан сақта. Басқасын сақтасаң да, сақтамасаң да, өзің біл. Аумин! – деп бата берген екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер