«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Әлихан Бөкейханның руханият туралы қанатты . сөздері
Әлихан Бөкейханның руханият туралы қанатты . сөздері
Дайындаған: 3 апта бұрын

Жүйрік, қыран күшін қиянға салса, жұрт мақсатын орнына апарса, мұнан артық не бақыт бар, бауырлар!

 

Өртте жүріп сабырлы болу – мақтауға сыймайды.

 

Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті! 

 

Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!

 

Түзу қалам – қисайған, өткір қалам – мүжілген заман.

 

Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.

 

Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу, шеберлік болмайды.

 

Не жұмыс қылсақ осы үш: ақыл, сөз, іс сана талқысынан өтпей жұмысқа айналмайды.

 

Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт жұрт боп тіршілік қылып жүрмек емес.

 

Рухани мәдениеттің бір белгісі – жұрт баласына жалпы оқу, газета, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп, адам баласына жақсылық жол ашу.

 

Қазақ елі – ақылы кірмеген жас бала сияқты. Баланы құшақтап сүйіп отырсаң, төсіңе сиіп жібереді. Қазаққа тиме, өмір, тұрмыс, ғылым көрсетеді, үйретеді.

                                  

Оқуда жүрген жастарға жәрдем қылу жұрт борышы деп білсек, бұған мойын ұсынсақ, енді мұны іске айналдыру шарасын қылу керек. Бізден рухани мәдениеті озған жұрттың бұл туралы салған қысқа жолы бар. Біз де сол жолға түсу жөн.

Жәрдем қауымының ісін бастауға, атқаруға таза пікір, талап, жаһұт қана шарт. Менің жоруымша, бұл іс қолынан келетін жігіттер қазақта осы күні бар.

 

Рухани мәдениеттің бір белгісі жұрт баласына жалпы оқу, газета, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп адам баласына жақсылық жол ашу.

 

Атадан келе жатқан мұра деп үй жиып, аяқ-табақ жиып, біреу түйе, біреу ат, біреу қой, біреу қозы, біреу лақ беріп, біреу аяқ, біреу табақ беріп, ата баласы жақсыға ас беретін қазақ рəсімі.

 

Біздің әрбір ісіміздің негізі бос, өмірі қысқа. Оқығандарымыз бар – қалтасы тесік, байларымыз бар – төбесі тесік. Екеуі бір жерге желімдесең де қосылмайды.

 

Би ғаділ болмай, жұрт ісі ілгері баспайды.

 

Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздену қажет.

 

Адам баласы қылып жүрген іс ой-ақыл болып басталады, сөз болып сөйленеді, ия жазылады, ақыл сөз сонан соң барып іске айналады.

 

Өз тізгініңді өзің алып жүре алмай шатақ-даудан шықпайтын бір ескі ауруың бар-ау, қазағым! Бауырым қазақ-ай! Қылығыңды көріп іш күйеді!

 

Бұрынғының көбі күш-қуатты тиісті орнына жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бəрі жəбір, залым болды; қалғанының бəрі зорлық-зомбылық еді. Егер тарих оқысақ, пайдасы бар істің қандай екенін біліп, соны істемекшіміз!

Залалы істен қашпақшымыз! Бұрынғының оңды ісінен үлгі алмақшымыз!

 

Жұрт үшін қиядағы қиынды алған, жұртқа қызметі май болған Халамидің ғұмыры бақытты жігіт ғұмыры ғой!

Жүйрік, қыран күшін қиянға салса, жұрт мақсатын орнына апарса, мұнан артық не бақыт бар, бауырлар!

 

Озғандарға жету керек, жеткендерімізден озу керек. Дүниенің төріне тырмысқандар, төрден орын алып жатыр. Тырмыспағандар есікте қалып жатыр: есікте қалмай, төрге тырмысалық. Басқалар төрге қалай бара жатқанына қарап, біз де солардың істегенін істейік.

 

Біз ақылсыз жаман жұрт емеспіз, ақ пен қараны салыстырса, ақ та, қара да, түзу де, қисық та жақсы таза көрінеді.

 

Адам баласы өзге хайуаннан айырылғанда бұлардан ақылды болып, қолы шебер болып айырылады.

 

Талас дүние – ғұмыр сипаты, талас-тартыс жоқ болса, ғұмыр абақты болар еді.

 

Айыр сөзде айып жоқ. Ақылға саңырау да айып.

 

Қазақ тып-тыныш жатып, еріншек, һеш нәрсе қылмайды деп ойламаңдар! Олар қайратты, жұмыстың бәріне жарайды... Бірақ (оларды) қозғау керек.

 

Қазақ - баладай аңғал, сүттен ақ, судан таза, бүлінбеген халық.

 

Әлихан Бөкейхан

 

Жадыра Аққайырдың, жинаған жазбалары

 

Aqsqqaldar.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер