«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Жиренше шешен
Жиренше шешен
Дайындаған: 1 ай бұрын

      Әз Жәнібек хан жігіт кезінде өзінің бір топ достарымен серуен құрып келе жатса, алдынан бір аққұбаша бала кездесе кетеді. Жеті-сегіздер шамасындағы әлгі бала жалаң аяқ, үсті-басы жұлым-жұлым екен.

 –   Бұл елсіз далада неғып жүрген баласың?  

 – Сүтін ішіп жүрген жалғыз інгенім бар еді, содан айрылып қалып, соны даладан іздеп жүрмін.

 –  Інгенді тұсап қойсаң етті?

 –  Тұсаулы  еді, тұсауы үзіліп кетіпті.

 Жәнібек те жастайынан естияр, ақылды екен. Жетім баланың өлген шешесін жұмбақтап айтқанына түсіне қойыпты.

 –  Е-е, сенің шешең өліп, ана сүтінен айрылған жетім бала екенсің ғой, кел атыма мінгес. Жәнібек жігіт әлгі баланы атына мінгестіріп, үйіне әкепті. Жуып-шайындырып киіндіріпті. Ауыл адамдары оны түсіне қарап "Жиренше бала" деп атап кетіпті.

Содан, осылайша кездескен екі дана жас кезінен, өле-өлгенше бір-біріне ақыл-серік болып кеткен, – деген аңыз қалған.

Жәнібек хан жолға шығар кезде Жиреншемен әрдайым: "Ананы қайтеміз, мынау қалай болады" – деп ақылдасады екен. Содан соң Жиренше қалай айтса, тіл қатпай, соның айтқанынн істеуге әрекет жасайды екен. Бірде, хан асығыстау жолға шығайын деп қызметшілеріне:

 

 –  Тез күймені дайындап, оған қызыл күрең алты нар жегіңдер, – деп әмір береді. Қызметшілер жылдам алты қызыл күрең нар жеккен күймені тура хан шығатын есіктің алдына әкеліпті. Сонда хан:

 – Жиреншені шақырыңдар, меніменен бірге жүрсін, –дейді. Хан қызметшілерінің бірі  Жиреншеге барып:

 

 –   Хан сізге тез келсін, мен жолға шығамын бірге жүрсін деп жатыр, – дейді.

   Жиренше:

  Ханның күймеге не жекті? –  депті.

 –   Жеккені  алты  алты қүрең нар.

 Жиренше:

 –   Қазір келемін, ханға сәлем айт, күн бұлт екен деді, –  деп.

Қызметшісі ханға келіп:

 –  Тақсыр, Жиреншені шақырдым, ханға сәлем айт, қазір келемін, күн бұлт екен деді, –  дейді.

 Сөздің астарын түсінген хан қызметшілеріне:

–  Алты нарды доғарып, күймеге алты тұлпар жегіңдер! – әмір береді. Тұлпарлар жегілген күйме әзір болған кезде Жиренше де келіпті. Хан мен Жиренше жолға шығады. Жолда құбыладан қара бұлт соғып, жаңбыр жауыпты. Жер батпаққа айналса да, күймеге жеккен жануарлар желіп отырады. Сонда, Жиренше ханға:

–    Жылқы малдың патшасы, түйе малдың қасқасы деген ғой, түйе малының мынадай ми батпақта жүруі қиын емеспе, мен соны ойлаған едім, –  депті.

                                                  *

       Тағы бірде, Әз Жәнібек қасында Жиренше шешен бар бір топ нөкерлерімен құс салып, тазы жүгіртіп, сайрандап келе жатса, алдарынан көл кездеседі. Көлдің жағасында бір топ қаздың бір аяқтарын көтеріп, жусап тұрғанын көреді. Хан жігіттеріне: Томағаларын сыпырып, кұстарыңды қоя беріңдер! – дейді. Жігіттер дабыл қағып, кұстарын ұшырады. Аяқтарын көтеріп, жусап тұрған қаздар екі аяқтап жүгіріп барып, аспанға көтеріліп кетеді. Сонда Жиреншені сынамақ болып:

–    Жиренше, әлгіде бір аяғымен тұрған қаздар, екі аяқтап жүгіргені несі?

 Сонда Жиренше:

 - Ее, хан ием, сіздің басыңызға әңгір таяқ ойнатып, дабыл қақса, екі аяқтап емес, төрт аяқтап қашарсыз! –  деген екен.

Ел аузынан

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер