«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Білім артық па, . байлық артық па?»
Білім артық па, . байлық артық па?»
Дайындаған: 2 ай бұрын

Мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әли Әбутәліпті аса

білімдарлығының арқасында, ел ол кісіні «ілімнің қақпасы» деп атаған екен.

Бірде замандастары оған 10 адамды кезек - кезекпен жіберіп, бәріне бірдей:

«Білім артық па, байлық артық па?» деген сұрақты қойдырған. Сонда хазіреті

Әли әрбір сұраққа әртүрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген:
 

1.     Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық –

бақылдардан қалған мұра.
 

2.     Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай

адамның қасында амал достар көп болады.
 

3.     Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады.
 

4.     Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай

берсең, бір күні түгесіледі.
 

5.     Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған

дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің.
 

6.     Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені   қызғанады.
 

7.     Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің,

байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.
 

8.     Білім қанша көп болса да, іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық.
 

9.      Білім адамның кішілігін арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлықты арттырады.
 

10.  Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады.

Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді,

сондықтан білім артық, деген екен.

 

Жолдығазы Долдаұлы,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер