«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Сырымның Мөңке биге . берген жауабы
Сырымның Мөңке биге . берген жауабы
Дайындаған: 8 ай бұрын

 

       Сырымға бір жолаушы: «Шекті елінің бір адамы сізге беріп жіберген», -  еді дейді де, бүктелген ескі шуберекті береді.  Сырым ол шүберекті тан Қоске  би мен Бөкен  биге көрсетеді. Сонда Бөкен би былай дейді:

  –   Мынаны біреушаршылап кескен екен. Шаршының шеті көрінеді. «Басы байлаулы, аяғы тұсаулы» біреу ғой шамасы. Екіншісін үшкілдеп кескен екен, көйлектің шеті – ау сірә. Адамның тәніне көйлектен жақын не бар дейсің? Сенің тәнің, сенің сүйегің дегені болу керек.

  –   Бұл біздің елдің Шектіде қорлық – кемдікте жүрген бір әйел адамы болса керек. Сен барып алып қайт. Көзіңе шарапшын киіп бар, қарт, жас екеніңді білмесін, айтыса қалса, Мөңкенің алдына барарсың, – дейді Қоске қарт.   

      Сырым шекті еліне барып: «Осы елге еріксіз кеткен бір қарындасым екен, алып қайтайын деп келдім» – дейді. Шектің билері:

  –   Адамыңның ата – тегін, аты – жөнін айт, – дейді.  Сырым жауап бере алмайды.

  –   Ендеше саған жұртты аралап сұрауға жол жоқ. Адам бермейміз, – дейді. Сырым олармен айтысып Мөңке бидің алдына барады.  Мөңке би:

  –  Сырым, сенің қуып келгенің қара дау екен, саған қараңғы шешім беремін, депті.

  –  Оған келісемін, – дейді Сырым.

Мөңке би:

  –   Сырымға және қырық жігітке оның киіміндей киім кигізіп, атындай ат мінгізіп, және Сырымның қарындасының қасына бір түсті киенген қырық қыз – келіншек қосыңдар. Оларды көргенде ағасы қарындасын, қарындасы ағасын таныса, қарындасын қайтарыңдар. Танымаса жазығы өздерінен, қарындасын қайтармаңдар, – деп билік айтыпты.

        Сырым қырық жігітті ертіп қыздың ауылына барғанда, алдарынан қарсы алған қыз – келіншектің ішінен біреуі:

  –  Батыр аға, ат – көлігің аман келдің бе? – деп, Сырымның атының шылбырына жармасыпты.

  –  Шырағым, аман – сау жүрсің бе? – деген Сырым, аттан түсіп қарындасын бауырына басқан екен.

 Сонда Мөңке би қыздан:

  –   Сен біргелкі топтың ішінен ағаңды қалай таныдың, – деп сұрапты.

  –   Басқа аттылар қалжыңдасып аттарына ауыздығын шайнатып ерігіп келе жатқанда. Ал ағам жүзінде мұң, терең ойға түсіп, өзімен – өзі  жатты, – депті.

Мөңке би Сырымнан:

  –   Ал сен қалай сонша қыз – келіншектердің ішінен қарындасыңды таныдың? – дегенде.

  –    Қайғысыз адамның бетінде жарығы бар, қайғылы адамның бетінде салығы бар деген, мен содан таныдым – депті Сырым батыр.   

Сырымның елге қайтарып әкелген қарындасы, кезінде Шекті ұрыларының Байұлы елінен барымтаға алып кеткен Дуіттің қызы Нұрғаным екен. Елге келген соң қыздың туыстары Сырымға:

  –   Бұл қызды жат жерден елге әкелген өзіңіз, енді өкіл аға болып, қызды өзіңіз ұзатыңыз деген екен.

Сырым батыр, қызды Дербісәлінің Әли деген ұлына қосып, батасын беріпті.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

1 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
  • Қонақ [2.72.9.23] 2020-02-02 11:37:44
    жақсы мақала екен
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер