«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Жиренше шешен айтыпты...
Жиренше шешен айтыпты...
Дайындаған: 1 ай бұрын

Бірде хан сарайының табалдырығынан аттаған Жиренше шешен төрде отырған ханға:

  –  Бір жасыңыз мың болсын! – деген екен.

Оның сөзінің төркінін ажырата алмаған билікке икем, тәкапар өзгенің әр сөзінен мін іздейтін хан:

  –  Киелі шаңырақтың мәртебесіне сай  айтқан сөзің осыма? – деп мұқатыпты. Сонда Жиренше шешен шіреніп отырған ханға қарап:

    – Сөзіңізге кұлдық, тақсыр ханым!  Тегінде, адам өзі мың жасамайды, артында аты қалса, атына сай сөзі қалса мың жасайды, – деген ғой.  Ал, мына опасыз жалған дүниеде бір көрген қызық дәурені бір күнге бергісіз болса, сол бір күннің өзі мың жылға татыр қызық дәуренмен өтсін дегенім ғой, – депті.

Сөзден тосылған Жәнібек хан, Жиреншеге астына арғымақ ат мінгізіп, үстіне торқадан шапан жапқан екен.

 

***

 

  Бір отырыста жиналған жұрт Жиренше шешенге:

  –  Адамның мінезі жасына қарап қалай өзгереді? – деген сұрақ қояды.

Сонда Жиренше шешен:

  –  Он бес жас - құйын қуған желмен тең,

      Жиырма жас - дауыл ұрған көлмен тең,

      Отыз бес - ағып жатқан селмен тең,

      Қырық бес - аю аспас белмен тең,

     Жетпіс бесте - өр көңілің жермен тең.

     Сексенде - селкілдеген шал боларсың,                                     

    Тоқсанда - сексенге де зар боларсың,

    Жүзге келсең - дүние қызығынан күдеріңді үз,

    Өлмей тірі жүргеніңе мәз боларсың, – деген екен.

Ел аузынан

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер