«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қашаған би айтқан екен...
Қашаған би айтқан екен...
Дайындаған: 3 ай бұрын

Қызылбөрік Мақсұт Қашағаннан:

  –   Елдің бірлігі неден бұзылады? – деп сұрайды.

  –   Өсек пен көреалмаушылықтан, – деп жауап беріпті би.

                           *

Орманбек батыр бірде Қашағаннан:

  –   Қарадан хан туама? – деп сұрайды.

  –   Ешкім анадан хан болып тумайды. Хан болу адамның даналығында, – деп жауап беріпті Қашаған би.

                             *

Бірде атақты бір бай:

  –   Қашекем, армандамайтын адам бола ма? – деген екен.

  –   Армандамайтын адам жоқ. Қолы жетпейтінді армандағанша, еңбегіңмен жететінді армандап, зейнетін көрген жақсы, – депті.

                              *

Қашағаннан содырлау бір құрдасы:

  –   Сені ел көреген дейді, сол рас па? – депті.

  –   Халқым көргенді менде көремін, – дейді Қашаған.

                               *

Бірде Сырлыбай датқа Қашаған биде қонақта отырып:

  –   Дүниеде не жаман? – деп сұраған екен.  Сонда Қашаған би:

  Ынтымағы жоқ ел жаман. Бәрінен де халқына қадірсіз болу сол жаман, – деген екен тоқталмастан.

                                 *

Қашағанның қартайған шағында Солтанбек болыс Биден:

  –   Еліңізге болашақта не тілер едіңіз? – дегенде.    Би:

  –   Абылайдай бірлігі болса,  Райымбектей қорғаны болса, Төле бидей ғұламасы болса, бейбіт өмір тірлігі болса, құдайдан осыны тілер едім, – деген екен.

Нысанбек Төреқұлұлы,  «Қазақтың 100 би – шешені» кітабы

 

Aqsaqaldar.kz

 

      

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер