«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Жиреншенің жауабы...
Жиреншенің жауабы...
Дайындаған: 4 апта бұрын

        Жиренше орта жасқа келгенде әйелі Қарашаш қаза болады. Жиреншенің жас кезі емес, қыз іздеуге ыңғайы келмей, бірер жыл жүріп қалады. Бірде Әз Жәнібек хан Жиреншеге: Уа, шешенім, сенің үйленбей жүргенің келіспейді, пәленшенің әйелі ері тірі кезінде жақсы әйелдің бірі деуші еді. Сен соны алсаңшы! – депті. Жиренше: – Сіз, солай ұйғарған болсаңыз алайын, – деп, сол әйелді алған екен. Содан біраз уақыт өткенде хан: Шешенім, алған әйелің бұрынғыдай болды ма? – деп сұрапты. Сонда Жиренше шешен: «Не айтайын күндіз екеуміз, түнде төртеуміз», – дейді. Хан: «Ол қалай түнде төртеу боласыңдар», – деп сұрайды. Сонда,  Жиренше шешен:

Ері есіне түседі,

Теріс қарап жатады,

Оныменен ол екеу.

Қарашашты ойлаймын,

Менде теріс қараймын,

Соныменен мен екеу.

Оймен тауып жолдасты,

Боламыз түнде біз төртеу.

Таң атқан соң оянып,

Тұрсақ тағы, біз екеу.

Қыздай алмай қатын болмас,

Қаша айтса да, орны толмас,

Есік көрген мақұл болмас.

Қанша жақсы көрем десе де,

Бұрынғыдан жақын болмас.

Байы өлген алған қатынды алу,

Ойға салсаң ақыл болмас, – деп жауап қайтарыпты.

Сонда хан мен тыңдап отырған жұрт шынында «Бұл рас қой» – дескен екен.

Ел аузынан

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер