«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Бұқар жырау айтқан екен...
Бұқар жырау айтқан екен...
Дайындаған: 2 ай бұрын

Жар басына қонбаңыз,

Дауыл соқса үй кетер,

Жатқа тізгін бермеңіз,

Жаламенен бас кетер.

Жаманмен жолдас болсаңыз,

Көрінгенге күлкі етер.

Жақсымен жолдас болсаңыз,

Айрылмасқа серт етер.

Ит жүгіртіп, құс салса,

Киген тонын түлкі етер.

Сыпайы сырын білдірмес,

Ақырын ғана бүлк етер.

Алыстан қызыл көрінсе,

Манат емей немене.

Жүйрік болса мінгені,

Қанат емей немене.

Қамшылатып жүгірген,

Шабан емей немене.

Екі жақсы бас қосса,

Санат емей немене.

Айтқан сөзге көнбеген,

Жаман емей немене.

Кісі ақысын көп жеген,

Арам емей немене.

Іштегі сыр Аллаға мәлім,

Сыртыңдағы қулығың,

Амал емей немене.

Шөлдегенде берген су,

Шекер емей немене.

Қайырымсызға біткен мал,

Бекер емей немене.

        *

Асу – асу бел келсе,

Атан тартар бүгіліп.

Алыстан қара көрінсе,

Арғымақ шабар шүйіліп.

Алыстан жаңжал сөз келсе,

Азулы сөйлер жүгініп.

Ежелгі дос жау болмас,

Айтысқан оның серті бар.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Ішінде арам дерті бар.

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер