«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Өмір туралы өсиет әңгіме
Өмір туралы өсиет әңгіме
Дайындаған: 3 ай бұрын

Жақсы мансапқа қолдары жеткен беделді жоғарғы оқу орнының түлектері бұрынғы профессорларына қонаққа келді. Әңгіме барысында жұмыс жайлы сөз қозғалды. Сонда түлектер көптеген қиындықтар мен өмірлік мәселелеріне шағымдана бастады.

Профессор қонақтарына кофе ұсынып, ас үйден шәйнек пен әртүрлі кесе алып келді: фарфор, шыны, пластик, хрустальдан жасалған. Бірі қарапайым болса, бірі қымбат еді.

Түлектер кеселерін таңдап алғанда, профессор былай деді:

— Әдемі кеселерді таңдап, ал қарапайым, арзан кеселер орнында қалғанына назар аударыңдар. Өзіне ең жақсысын таңдау – қалыпты жағдай, бірақ сендердің проблемаларың мен күйзелістеріңнің себебі осында. Кесенің әдемі болу-болмауы кофенің дәміне әсер етпейді. Шын мәнінде сіздерге кесе емес, кофе керек емес пе? Бірақ сендер саналы түрде ең жақсы кесені таңдап, кімге қандай кесе түскенін байқап қарадыңдар.

Ал енді ойланыңдар: өмір – кофе, ал ақша, жұмыс, абырой, қоғам – кеселер. Олар тек өмір сүру үшін қажет құралдар. Қандай кесең бар екені өміріміздің сапасын анықтап, өзгерте алмайды. Кейде кесені ойлаймын деп, кофенің дәміне мән бермей, ләззатынан құр қаламыз.

Бақытты адамдар – ең үздік дүниенің иелері емес, барынан ең үздігін таба білетін жандар

                                   

*

 

     Бір дана қария өлерінде баласына үш өсиет айтыпты:
Бірінші, Кедейден байыған жаннан қарыз алма.
Екінші, Шерікпен(полция) ешқашан дос болма.
Үшінші, Әйеліңе құпия сырыңды айтпа.

      Әкесін жерлеп болған соң ақылды бала әкесінің өсиеттерін іс жүзінде тексеріп көрейін деп шешіпті.
  Алдымен, жоқтықтан байыған көршісінен қарызға болмайтын ақша сұрап алды.
Одан кейін, ханның шерігімен төс түйістіріп дос болды.
Соңында, бір қойды бауыздап қанын ағызып қапқа салып екі кештің арасында үйіне келіп:
    – Сүйіктім, жаңа біреумен ерегісіп қалып бір адамды өлтіріп алдым.Енді не істейміз?, – деп қан-қан қапты көрсетіпті. Әйелі:
   –  Мұны тез бақшаның ішіне апарып ешкімге көрсетпей көміп тастайық, –дейді.
  – Жарайды жаным, тезірек кетпен күрек әкеле ғой.
     Сөйтіп, екеулеп жүріп қапты жақсылап көміп көңілдерін жайлап үйлеріне қайтады.

    Сонымен жігіт әкесінің айтқан өсиеттерін керісінше орындап аңысын аңдып жүрді.Үй болған соң кесе аяқ сылдырамай тұрмайды. Бір күні сондай жанжалдан соң жігіт сценарий бойынша әйелін сабап тастайды. Әйел ойбайлап барып ханға:
  – Тақсыр осындайда осындай ана менің қанішер күйеуім оншақты күн бұрын біреуді өлтіріп бақшаға көміп тастады. Бір күні ол меніде өлтіріп тастауы мүмкін, – дейді. Хан шерігіне жігітті алып келуге тапсырма берді. Шерік жігітті әкетуге келгенде, жігіт:
   – Достым, екеуміз төс түйістіріп мәңгілікке дос болып едік қой .Сен мені қашырып жіберіп, таба алмадым деп ханға айта салсаңшы, – депті.
Шерік көнбей қояды. Көршісін әкетіп бара жатқанын көрген қарыз берген көршісі сонда:
   – Ақшамды қайтарып бер, – деп жабысады.                                                                        Жігіт:
  – Көршім, құдайы көршісің ғой, азғана ақшаңды сосын аларсың дегенге көнбей олда ханның алдына барды.

Хан жігітке.
  – Әй сен оңбаған көкте Алла, жерде хан бар екенін біле тұра мұндай жауыздыққа неге бардың. Өлікті қайда тықтың? – дейді.

Әйелі:
  – Тақсыр мен білемін – деп, барып қапты қаздырып алып келеді. Қапты ашып қалғанда ішінен қойдың өлігі шыға келді. Аң-таң болған хан жігіттен: 
-Бұл не құпия?-деп сұрады. Жігіт әкесінің өсиетінен бастап бар оқиғаны баяндап береді.

    Құрметті достар ойланыңдар, бұл менің ойлап тапқаным емес ертеден келе жатқан аңыз. Сондықтан теріс түсініп жүрмеңіздер мұны.

Өмір – ғажап,  ғаламтордағы жазба

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер