«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қарауылұлы Шілмембет би . айтқан екен...
Қарауылұлы Шілмембет би . айтқан екен...
Дайындаған: 3 ай бұрын

Жаздың бір күні Бабаатадағы Бағдәулет байдың үйіне Күңгей Жаманбай – Таздарға ұзатқан Жібек деген қарындасы төркіндеп келеді. Қыз төркіндеп келген соң Бағдәулет әулеті қарап жатсын ба, өзінің Қаражан, Есжан, Досжан деген інілерін және осы атырапқа атағы жайылып кеткен Шілмембет деген би туысқанаын ауыл – аймағымен шақырады. Тай сойылып қызық думан болып жатады. Мұндай жиында шешен, биден басқа кім сөйлеуші еді?  Шілмембет би өткен – кеткенді, өзі қатарлас, үзеңгілес игі жақсылар мен би – шешен, батырлардың, ақындардың сөзін айтып ертелі кеш сайрайды да отырады.

     Кешкі тамақ алдында көпшілік ішінен бір ақынсымақ Шілімбет биге:

 –  Бұл қай шақ? – деген тосын сұрақ қояды.

Шілімбет:

– 20 жас – бала шақ, істегенісі шалашақ.                                                                                      25 тен асқан соң жігіт шағы келеді. Кейін қартайғанда «қайран жиырма бес қайта айланып келер ме едің?» – деп өкінесің.

30 – әр шақ,  40 жас – ер шақ,  50 жас –  бел шақ,  60 жас – дер шақ, 70 жас – мәрт шақ,  80 – серт шақ,  90 жас – жер шақ, 100 жас – көр шақ.

    Енді осының бәрін таратып, жіктеп шығайын ба? – дегенде Шілімбеттің жанында отырған Байдаулет:

   – Биеке, таратпай – ақ қой, есі бар адамға бәріде түсінікті ғой, – деп әңгімені доғарады.

 

Нысанбек Төреқұлұлы, «Қазақтың 100 би - шешені»  кітабы

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер