«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қасқа көлдің дауы
Қасқа көлдің дауы
Дайындаған: 1 жыл бұрын

Төле би, Әйтеке би, Орта жүз Ормамбет би үшеуі Қасқа көл деген көлге таласып, даулы болады. Төле мен Әйтеке жастары шамалас, ал Ормамбеттің жасы кіші екен. Екі қарт би бір жақ болып сәлем хат жазады.

Ормамбет хатқа жауап қайырады. Халық жиналып бірі олай, бірі былай деп, ақырында үй тігіп кеңесіп шешуге келіседі. «Қасқа көл дауын шешуге Айқын көлге үй тігелік» десіп екі ел жиырмадан үй тігеді.

Ормамбет келіп Төле мен Әйтекеге сәлем береді. Сонда Төле:  

                        

 – Ай, Ормамбет!  Мен әлі тірімін өлгем жоқ, бұдан бұрын неше сәлем айтсам да келген жоқсың, ер кетер, жер жетер. Ешкімге опа қылмас дүние боқ!                                Ей, Ормамбет, сен бізден кіші боласың, біз барып қайттық, сен ілгері барасың, біз енді көп жүрмеспіз, көмілерміз, сен жассың көңілдегіңді аларсың! – дейді.

Әйтеке де Төленің сөзін қостап:  

                                                                                 

– Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тимесе жұрттан алабөтен үйің күйсін деген ертеден қалған сөз бар, бізге кейінгілер осына айтама деп ойлаймын, – дейді.

Сонда Ормамбет:                                                                                                           

– Екі би айтқан сөздерің жарасады, еншіге әр кімдер – ақ таласады, бұл Қасқа көл орта жүздің көлі еді, айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз билерді қабан деген, қамшылатқан жүйрікті шабан деген, біреудің ақысына зорлық қылса, ақыретте мұндай істі жаман деген, – дейді.

– Ай, Ормамбет, сен бізге Қасқа көлді беріңіз, Қасқа көл рас сізге жақын.  – Бардан  пайда, жоқтан залал деген, не берсе қайырын тілеп көріңіз.  Үш жүздің ортасында Қасқа көл бар, әр жерде су ішетін басқа көл бар, үш бөліп енші қылып алысайық, жер жетер, көңіліңді ұстама тар – дейді Төле би.                                                                Үшеуі  олай сөйлесіп, бұлай сөйлесіп келісе алмайды. Орманбет ырық бермеген соң, Төле қатты сөздер айтады. Дау бітпей Ормамбет еліне қайтады. Үйіне келген соң даудың мән – жайын бастан – аяқ баяндапты.                            

Сонда анасы:                                                                                                              

– Балам, қарт билерді бекер ренжіткен екенсің, әлде де болса, тілімді алсаң Қасқа көлді бөліп бер, – дейді.  Анасы айтып қоймаған соң Ормамбет көнеді.          Үй тігіп, тоғыз бие сойып Төле мен Әйтекені шақырады.

Билер келіп мәжіліс құрып отырғанда Төле былай дейді:

– Әйел жақсы болса білім иесі батыр туады, жаман болса ер бөксе болса да қатын туады. Әйел жақсы болса ердің басшысы емес пе? Бұрынғылар осылай демес пе? Қасқа көлді алам деп келіп, Ормамбет бермеген соң  өліп едім, Жетпіс жасқа келгенде сөзім жерде қалып, мәңгіде тірілмейтіндей болып едім. Жеңгей мені тірілттіңіз, енді балаңызға бата берелік, – дейді.                                        .                                                  

Көлді ынтымақпен бөліп жайлайтын болып,  ризалықпен тарасыпты.

Aqsaqaldar.kz

   

 

1 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
  • Қонақ [85.117.98.189] 2019-09-27 16:30:38
    Даниал,салам
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер