«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Байдәлі шешеннің жұмбағы
Байдәлі шешеннің жұмбағы
Дайындаған: 3 апта бұрын

 

      Ертеде өр Алтай жерінде өмір сүрген Байдәлі деген жез таңдай шешен қартайып ел аралайтын шамасы болмай, үйінен шықпай отырып қалады. Сол халінен хабар алған Сарыарқа жақтағы найман елінен қазақтың салты бойынша, сәлем беріп көңілін сұрауға бір топ адамдар келіпті. Келген адамдар сәлем беріп, отырып жайғасқан соң, төсекте жантайып жатқан Байдәлі шешен басын көтеріп, білегін түріп созған екі қолының он саусағын көрсетіп:

      – Шырақтарым, алыстан ат терлетіп келген екенсіңдер, жұртым қанша ойланса да жауабын таппай отырған осы жұмбағымды шешетін іштеріңде біреу бар ма? – деп сұраған екен. Сонда,  келгендердің ішінен Қазыбек деген жас жігіт суырылып шығып:

      – Қарсы болмасаңыз мен айтайын:

      – Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман,

         Екі дегеніңіз – егесіп өскен ер жаман,

         Үш дегеніңіз – аяғынан тұсау түспеген ат жаман,

        Төрт дегеніңіз – Төсегінен безіп жүрген әуейі жаман,

        Бес дегеніңіз – әділ ісі жоқ би жаман,

        Алты дегеніңіз – асқынып кеткен дерт жаман,

        Жеті дегеніңіз – жер астында топыраққа көміліп ері жатса, артында                        .            

       желек жамылған жас жары қалса сол жаман.

        Тоғыз дегеніңіз – торқалы тойға, топырақты қазаға қатыспаған дос                                                      .           

       жаман.

        Он дегеніңіз – орнынан ары - бері қозғалып тұра алмаған жаман, әттең,                  .     

  оған амал бар ма? – еген екен.

Сонда, науқасы жоқ, кәріліктен тұра алмай жатқан Байдәлі шешен терең күрсініп: – Ныспың кім, қай елден келдің – деген сұрақ қойыпты.  Қазыбектің берген жауабы:

        Найман деген елім бар,

        Көкорай шалғын жерім бар,

        Өріс толы малым бар,

        Берекелі жұртым бар,

        Ел силайтын биім бар,

        Сол елден келген Қазыбек деген балаңмын, – деген екен.

Байдәлі шешен сонда риза болып, жас жігітке батасын беріпті.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны