«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қасымбек датқа
Қасымбек датқа
Дайындаған: 1 ай бұрын

      Сиқым елін билеген Қасымбек датқа шешен адам болған екен. Бірде, Қасымбек датқа бір сараң туысының үйіне әдей іздеп барыпты. Туысы дәулетті бай болса да, өзінде барға көзі тоймай, өзге жұрттың малын ұрлатып өзінікіне қосып алатын, мысық тілеу, үйіне қонақ қондырмайтын, қытымыр кісі екен.  Туысы қонаққа келген Қасымбек датқаны жақтырмай, мінез көрсетіп:

      – Не шаруамен келдің? – деп жүре сөйлеседі. 

Сонда ел билеп төселген, шешендіктен алдына жан салмайтын өткір тілді  Қасымбек датқа:

     – Неге келдің деме,

Саған айтар сөзім бар.

Көн садақты деме,

Сұр жебеде оғым бар.

Аттандырған жігітің,

Ұрлаған соң жылқымды,

Соған әдей кеп тұрмын,

Байқағалы құлқыңды.

Атысатын жаумысың?

Табысатын елмісің?

Қайтар тездеп малымды,

Ылайламай елімді! – депті.

Сонда сөзден тосылған, айтар уәжі жоқ туысы сасқалақтап:

– Иә, Қасеке мақұл, иә мақұл, – деп кібіртіктей берген екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер