«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Мәтжанның батасы
Мәтжанның батасы
Дайындаған: 2 ай бұрын

         Бозашының уақ құмын (Тұщықұдық) жайлайтын Аманқұл деген кісі болыс болғанын осы өңір тегіс біледі. Аманқұл болыс жас нәрестелі болады. Соған құтты болсын айтайын деп келе жатқан Мәтжанға Қасмағамбеттің Бекені деген жігіт кез болады.

        Аман-түгел сұрағаннан кейін Бекен:"Мына Аманқұл болыс Құлбай ағамның 10 еркек қойын жігіттерін жіберіп айдатып алыпты. Соны сұрай барып едім, болыс теңдік бермеді, бос қайтып келемін" депті.

        Сонда Мәтжан:"Біз де сол ауылға келе жатырмыз, қойыңды болыс тірілей қайырмаса бізге сойған етіне тісің тисін, жүр бізбен" деп Бекенді ерте келіпті.

        Мәтжанның келгеніне риза болып қуанған Аманқұл болыс алдарынан шығып атын ұстап, бәйек болады. Үйге келіп отырғасын әртүрлі әңгімеге кетіп, құтты болсын айта қоймаған Мәтжанға, басқа айтатын сөздің келісін таба алмай болыс әйелін шақырып алып, бесіктегі нәрестенің атын атай «Атасына сәлем берсін, атасы батасын берсін, құтты болсын айтар, атасының жасын, бақытын, даңқын берер ме екен», - депті.

        Нәрестені көтеріп Мәтжанның алдына әкеліп, баласының атынан: «Ассалаумағаликум, ата» - депті. Сонда Мәтжан: "Мен құтты болсын айтпаймын. Бұл баланың әкесі мына Аманқұл туғанда айтқанмын. Ол не көрсетті? Ер жігіт болыс болғанда ағайынға зорлық жасап, жасақ жұмсап, Құлбайдың 10 еркек қойын барымталап алып, сұрап келген адамы - інісі мына Бекенге, теңдік түгіл дұрыс сөзін де айтпай шошытып жіберген. Ертең ер жеткенде бұл нәресте әкесі Аманқұлдың істегенін істемесіне кім кепіл? Өскесін өзімді жейтін «қасқырға» кұтты болсын айтып басыма пәле тілейтін жайым жоқ. Баласы құтты болмасын"- деп екі-үш мәрте қайталапты.

        Аманқұл жаздым, жаңылдым деп Бекенге 10 қойын айып-ажынын қосып қайырып беріпті.

 

Маңғыстаулық Бисембі Әріпов ақсақалдың "Ел тарихы және Есімдегілер" кітабынан үзінді

Суитов Мухамет,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер