«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қарауыл Қанай шешен
Қарауыл Қанай шешен
Дайындаған: 4 ай бұрын

Бір отырыста Ақтайлақ би, Қарауыл Қанай шешенге:

–  Ер жігіттің басында бақыт нешеу?

Кемдік нешеу?

Құлазу нешеу болады? – деген сұрақ қойыпты.

Сонда, Қанай шешен Ақтайлақ бидің сұрағына:

–  Ер жігіттің басында бақыт – бесеу, кемдік – үшеу, құлазу – төртеу, – деп ары қарай  былай таратыпты:

Астыңдағы аты жүрдек болса,

Жалғанның пырағы;

–  Алғаны жақсы болса,

Үйі қонақтың тұрағы;

Әкесі – асқар тауы,

Шешесі – қайнар бұлағы;

Баласы жақсы болса,

Көзінің – шам шырағы. Міне – бес бақыт осы болады.

–  Аты шабан болса,

Жалғанның азабы;

Алғаны жаман болса,

Дүниенің Тозағы;

Баласы жаман болса,

Көрген жұрттың мазағы. Міне – үш кемдік осы болады.

– Қалың ел қонбаса,

Көл құлазиды;

Қаптаған мал болмаса,

Бел құлазиды;

Нарқын танымаса,

Сөз құлазиды;

Қатарынан айрылса

Ер құлазиды. Міне – төрт құлазу осы болады, деп Қонай шешен тоқтапты.

 

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер