«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қалыңсыз қыз болсада, кәдесіз қыз болмайды...
Қалыңсыз қыз болсада, кәдесіз қыз болмайды...
Дайындаған: 2 ай бұрын


         Мені осы мәселе көптен толғандырады. Біз осы неге халқымыздың ғасырлардан бері қалыптасқан салт дәстүрімізден жериміз де жүреміз ,осы? Онысыз да тілімізден, дінімізден, киімімізден, музыкалық құндылықтыардан жеріп жүрміз. Осы қалың мал керек емес деген түсінікті бізге алып келген кеңес иделогиясы. Сол кеңестің нұсқауымен жазылған С.Көбеевтің 'Қалың мал романы'.
        Сол кездерден бастап қалың мал алу, қызды сату деген ұғым Оңтүстіктерден басқа облыстарда қатты қалыптасты. Ал енді ойланып көрелік. Мен келін алып қыз беріп көрген адам ретінде айтайын. Қыз берген адам ешқашанда пайда қылмайды. Шығыны екі үш есе көбірек. Себебі қызға жасау беріледі. Басқа халықты қойғанда Орыстар Приданый дегенді қойған жоқ ,әлі бар. Айналамыздағы мұсылман мемлекеттердің бәрінде бар қалың мал алу деген. Оны 'Атаның күші' 'Ананың сүті"- деп атайды. Ішінара біреулер берген қалың малы аз көп деп жатса оның обал сауабын өзі көтерер.       

          Кеңес өкіметінің кезінде Өзбек, Түркмендер ұл баласы 10000 рубль таппаса үйлендірмейтін. Сосын ана үйленетін бала мектепте оқып жүрген кезінен бастап ақша табуға кірісетін. Олардың қыздары көрінген жігітпен, кез келген жерде сүйісіп, одан зор қатынастар жасай бермейді. Сондықтан жігіт амал жоқ, сол ақшаны табады,таппаса əйел жоқ. Оны табу әрине оңай емес.  Оларда ажырасу дегеннің болмайтыны сондықтан. Ал біз балаларымыз неше рет үйленсе, сонша рет тойын жасап, шығынын көтере береміз. Олар оп оңай бірін тастап бірін алып жүре береді. Үйленбей ақ кез келген жерде шаруаларын бітіріп кете береді.  Міне ұрпағымыздың азуы қайдан пайда болды?

          Баяғыдай Қызға қырық үйден тыю деген болып, қыздарымыз әркімге қолжаулық болып жүрмес үшін,қыздардың жеңіл жүрісіне тиым салып, қалыңсыз қыз бермейтін жасау керек. Сонда селтеңдеп жүрген жігіттер амал жоқ жұмыс істеп, табыс табатын болады.Ал ал қалыңмалды дұрыс емес деп санайтындар қалыңсыз қыз беретіндер жетерлік, алда үйлене бер. Қазағымның ұйытқысы Оңтүстікті елге жаман етіп көрсетуді қойсаңдаршы ағайын. Өздеріңіз түсінбейтін нәрсені талқыға салуды қою керек.

         Осы орайда басымнан өткен бір оқиғаны баяндай кетейін.
Оншақты жыл бұрын, Астанада елге қайтып келе жатқанымда вагонда бір апамен жол серік болдық.Сұрасып отырып менің Оңтүстіктен екенімді біліп апам:
    –  Оңтүстіктің еркектері оңбағансыңдар, – деді.
    – Неге олай дейсіз?
    – Сенде әйелдеріңе ақша ұстатапайсыңдар.
    – Апа сіз қайда барасыз?
    – Түркістанға.
    – Жайша?
    – Құда келетін еді соған киіт алуға бара жатырмын.Түркістанда товарлар арзан, – дейді.
Бұл сұрақтарды қоя отырып апамды жәйлап қораға кіргізіп қойдым.
   – Жақсы.Онда мені тыңдаңыз.
   – Ия айта бер.
   – Апа еріңіз сізге өзініе қажет соманы алып қалып,қалған ақшаны сізге әкеліп береді. Сіз үйге керек заттарды базардан, магазиннен тасысыйсыз, оның кірін жуасыз, тамағын істейсіз, баласын табасыз, түнде жұбайлық міндетіңізді атқарасыз. Міне кәзір базарлауға Түркістанға кетіп барасыз. Солай ғой?
   – Әрине. Ол әйелдің міндеті емес пе?
   – Апа біздің әйелдеріміз бізге маған анау керек мынау керек деп, керек затының ақшасын алады.
       Той немесе құда күтер кезде қолымызға тізім беріп, мына заттар үйге керек, алып кел деп жібереді. Оған ақшаң жете ме, жетпей ме?, – шаруасы жоқ. Үйде тамағын істеп, кірін жуып, баласын бағып отырады.
      Енді өзіңіз ойлаңыз қайсысы дұрыс, қайыссысы бұрыс екенін, – дедім.

Апам есі бар кісі екен.
   – Мына баланың айтып отырғаны дұрыс екен - ау, – деп ойланып қалды.

Ал сіздер қалай ойлайсыздар?

Өмір – Ғажап,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер