«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Төрт құт...?
Төрт құт...?
Дайындаған: 2 ай бұрын

Абылай ханның ордасында ел билігіндегі туындайтын дау-дамайды ханның әділ шешім қабылдауына қатынасып, кеңес беріп отыратын он екі би болыпты. Солардың ішінде Нияз, Кенжетай  деген екі би өте тапқыр, сөзге жүйрік әркезде хан кейбір мәселелерді шешу кезінде қиналса, осы екеуі ханға шығатын жол табуға бағыт беріп отырады екен. Хан  Абылай олардың дарынын  бағалап, оларға үнемі қолдау көрестіп жүреді.  Адам болған соң, пендешілік болады ғой. Басқа билердің ішінен оларды көре алмай, күншілдік жеңіп, ел ішіне «Нияз бен Кенжетай ханды қылжақтайды, хан болса оларды жақтайды,» – деген мәтел сөз таратып жібереді. Осы мәтел сөзді естіген ақылды хан Абылай бұл пендешілікке тоқтау салуды ойлап он биді шақырып алып төрт жұмбақ - сұрақ қойыпты:

   –  Жердің құты,

       Елдің құты,

       Ауылдыңң құты,

       Аймақтың құты деген не? – дейді.  

Отырған билер жауап таба алмай отырып қалады. Абылай хан ордасына Нияз бен Кенжетайды шақыртады. Есіктен сәлем беріп кірген екі биге хан:

   –  Тізелеріңді бүкпей тұрып төрт сұрақтың жауабын айтуды ұсынады.

Сонда, алдымен кірген Нияз:

   –  Тақсыр!

       Жердің құты – жаңбыр,

       Елдің құты – азамат,

       Ауылдың құты – жақсы әйел,

      Аймақтың құты – әділ басшы, –  мен қате айтсам Кенжетай түзетеді – деген екен. Ақылы терең Абылай хан осылай, өзі силайтын екеуінің тапқырлығына басқа билердің де көздерін жеткізіп, олардың арасындағы пендешілікті тоқтатыпты.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер