«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Бала би...
Бала би...
Дайындаған: 5 күн бұрын

 

         Ертеде Қыпшақ елінің батыры Хангелдіні Кіші жүз елі мерт қылып, артынан оның құнын даулап барғандарға теңдік бермей біраз уақыт сандалтқан екен. Бұл даудың созылуының себебі Кіші жүз Жарасбай елінің жасы келген қарт биі Ысмайыл, Қыпшақтарға есе бермей сөзден ұтып жүруі болыпты.

           Тағыда бір жолы Қыпшақ елі осы даудың мәселесімен Кіші жүз еліне баруға жинала бастағанда, ойын баласы Ыбрай бірге баруға сұранады. Үлкендердің шешімімен бала Ыбрайда жолға шығады. Барғаннан кейін екі жақтың келісімі бойынша үш адамнан даудың таласына түседі. Жарасбай елінен тағы да үш адамның біреуі болып Ысмайыл би шығыпты. Қыпшақ елінен үштің бірі болып бала Ыбрай шығыпты. Сонда, Ысмайыл би баланы қомсынып, қарсыластарын сөзден тоспақ болып:

        –  Бұл не, мына бала мұнда не істеп жүр, оны неге алып келдіңдер?  Бұл келіннің тойы, кемпірдің қазасы емес, ердің құнын, нардың пұлын жоқтаған, үлгілі би, сөз жүйрігі шешен түсетін, елдің намысын, ердің арысын қорғаған сөз айтылатын жер емес пе! Түйенің тайлағы, баланың ойнағына айланған ба? – деген екен.

        Сонда, бала  Ыбрайдың қаймықпай, орнынан тұрып берген жауабы:

      –  Сонау заманда, Үш жүздің басқасқан жерінде Орманбет би айтқан: 

      –  Ердің құнын жастың жайсаңы даулайды, кәрінің сайтаны даулайды, – деген екен. Өзіңіз қартайғанша дауға араласып неңіз бар? – депті.

Сонда қарт би сөзден жеңілгенін мойындап, батырдың құнын берген екен.

Сол оқиғадан кейін, бала Ыбрайдың аты елге Бала би, – деген атпен тарапты. 

 

Елузынан

 

Aqsaqaldar.kz

         

          

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер