«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қонақтардың түрлері
Қонақтардың түрлері
Дайындаған: 1 апта бұрын

Ертеде, Асау шешен өзі қадірлейтін Есентемір Бөленді үйіне әдейіқонаққа шақырып отырып:

–  Е, Бөле! Сізден бір – екі ауыз сөз сұрасам, рұқсат па? – депті.

–  Е, шырағым, сұрай бер! – дейді Бөлен.

–  Құдайдың бергені ғой, үйден қонақ үзілмейді. Бірі кетсе, бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше рет келеді. Осыларды көргенде үйдегі келініңіз  «мынау тағы келе жатыр ма?» денді айтады. Бұған, не айтасыз – депті Асау. Сонда Бөлен ойланбастан:

     –   Ол келіннің ырысының кеткені ғой, – дейді Бөлен.

     –    Ауылдың балалары кейде  қонақты жақтырмай, «Осы шалдарға не жоқ, өз заманында қыдырды, жеді – ішті, біраз қызықты да көрді, енді тыныш үйлерінде жатса кайтеді екен?» – дейді. Бұған не дейсіз?

    –    Ол балалардың өздерінен ерік кеткені.

    –    Бөле! «Қонақ - қонсы» дейді қазақ. Қонақ деген кім, қоңсы деген кім?

    –    Қонақ деген мына мен сияқты, жылына бір рет шақыртумен келетіндер. Қоңсы деген мыналар, – деп айналадағы отырған кісілерді көрсетеді. Бұлар пәленшенің үйіне, пәленше келген екен, барып амандасайық деп келеді.

    –    Ал, Бөле! Осы, қонақтардың неше түрі болады?

    –    Қонақтың төрт түрі болады:

          Арнайы қонақ,

          Құдайы қонақ,                       

          Қыдырма қонақ,

          Қылғыма қонақ

Енді Бөлен Асаудың өзінен:

–    Жігіттің неше жұрты бар? – деп  сұрапты. Асау оған:

–    Жігіттің үш жұрты бар,

      Қайын жұрты – міншіл,

      Өз жұрты – күншіл,

      Нағашы жұрты сыншыл.

Сонда, Бөлен отырып:

Жігіттің төрт жұрты болмаушы ма еді, біреуін неге тастап кеттің? Жігіттің – елінің азаматы емес пе, оған бәрінен артық  сол елі емес пе еді? – деген екен.   

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер