«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Сары Шуаш шешен
Сары Шуаш шешен
Дайындаған: 3 ай бұрын

     Найманнан шыққан Сары Шуаш деген шешен болаған екен. Ол көптің көзіне іліне бермейтін аласа бойлы, өңсіз, адамды өзіне тартпайтын кісі болыпты.

     Бірде жолы түсіп Сары  Шуаш шешен, торы ала ат мініп керейдің батыры ер Жәнібектің ауылына барып, талайдан шешімін таппай жүрген даудың шешімін талап етеді. Сонда,  ер Жәнібек алдына келген тұрымтайдай қортық адамды менсінбей:

–  Уай, сен қауға ауыз, жарғақ құлақ,

Жылқыға суат болып жарытпассың,

Астыңа міңген атық ала шолақ,

Арқада, алты ай шауып арытпассың,

Қолыңа қырық жебе оқ берсе де,

Бірін де дұшпанға атып дарытпассың. 

Менің дауысым Қазбекке тартқан,

Сүйегім Шақақ Жәнібекке тартқан.

Мына түріңмен дауға жұмсап,

Кім саған үміт артқан? – деген екен.

     Сонда, Сары Шуаш батырдың ызғарынан тайсалмай, мырс етіп:

–  Сен де бір құдайдың құлы екенсің ғой,

Мойның бүгін Керейден асып тұр екенсің ғой.

Дауысың Қазбекке тартса,

Сүйегің Шақшақ Жәнібекке тартса,

Бөтен емессің, өзіміздің арғын ағаның ұлы екенсің ғой, - депті.

     Сонда, ер Жәнібек сөзден ұтылып үнсіз қалып, даудың айыбын төлеп, жолын берген екен.

    Сандағы ер Жәнібектің, «Дауысым Қазбекке тартқан» дегені арғын Қаракесекке жиенімін, «Сүйегім Шақшақ Жәнібекке тартқан» дегені өзін Шашақ Жәнібектей батырмын дегенді, «баласымын» дегендей – теңеу сөзден аңдамай ұтылып қалған екен.

Ел аузынан

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер