«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Бұқар жыраудың түс жоруы
Бұқар жыраудың түс жоруы
Дайындаған: 6 ай бұрын

Бірде Абылай хан Бұқар жырауды хан ордасына шақыртып алып, көрген түсін жорытып беруін сұрапты:

    –  Түсімде өліп табытта жатыр екемін. Табыттың бас жағында үшке бөлінген жұрт тігулі тұрған үш жалауды аламыз деп әбігерленіп жатыр. Ал екі жақ бүйірден ентелеп арыстан мен айдаһар табыттан денемді алып кететіндей қаһар шашады. Аяқ жағымда жиналған ұрпақтарым бұйығып, үрейлері ұшып тұрған сияқты көрінеді.  Басыма таяу бір жағымда Уәлиден тараған бір ұрпағым дұға бағыштап отыр. Екінші жағымда қасымның бір баласы қолына  қылышын ұстап қабағын түйіп тұр екен. Мен екі бүйірімнен жалаңдап келіп айбар көрсетіп тұрған арыстан мен айдаһардан  құтылудың амалын таппай шошып оянсам, түсім екен. Осы түстен әлі есімді жия алмай отырмын, түсімді жорып берсеңіз, – депті. Сонда Бұқар жыра біраз ойланып:

   –  Түс түлкінің боғы – деген. Түс жору түлкі аулағанмен бірдей ғой, бірде аласың, бірде ізін таппай қаласың. Түсіңді жорып көрейін:

   –  Жасың  қырыққа жетпей өлген болсаң, ұзақ ғұмыр сүресің. Бас жағыңа тігілген үш жалау, үш жүзге хан боласың. Жұрттың топқа бөлініп таласып жатқаны үш жүздің ханы атағын алсаңда, үш жүздің халқына ие бола алмайсың. Сен өлген соң үш жүз жан - жаққа ыдырап кетеді. Екі жағыңнан айбар шегіп қыспаққа алған арыстан мен айдаһардан қорқуың сенің екі жағыңдағы жауларыңмен алысып өтетін өмірің. Жаныңда ерекше қылық көрсеткен Уәли мен Қасымнан қалар ұрпақтардың біріншісінің аты китапта, ал екіншісінің аты қан майданда қалады екен, – екен деп сөзін доғарыпты  Бұқар жырау.

Сонда Абылай отырып:

   –  Ал, мен қайда қаламын, – деген де. Бұқар жыраудың:

   –  Үш жүзге хан сайлаған еліңе ітеген істерің жақса, еліңнің жүрегінде қаласың, егер жақпаса ұмыт боласың, – деген сөзі ел арасына тарап кетіпті.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер