«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Боранбай би қасиеті
Боранбай би қасиеті
Дайындаған: 4 ай бұрын

      Найманнан шыққан Боранбай би әрі батыр, әрі әулие болған екен. Сол кісі туралы ел ішінде тараған аңызға айналған әңгімелер көп.

      Ертеде Боранбайдан қалған ұрпақтарының бірі Жарылғап деген тақыр  кедей болыпты. Ол қазіргі Семей мен Аягөз қаласына қатынасатын жолдың  бойындағы Қапанбұлақ деп аталатын жерге таяу өмір сүрген екен. Біраз жылдар әйелі екеуі бала көрмей жоқшылықтың тауқыметін тартып жүріп жатады. Жарылғап кедей болғанымен қарулы, еті тірі кісі екен. Тіршілікте тарыққан ол жалғыз атымен түн қатып, ат аяғы жетер жерлерді торып ұрлықпен азығын тауып жүреді. Сондай бір жорықтан түнделетіп келе жатып, қатты шаршаған ол жол шетіндегі дөңнің күншығыс жақ бетіндегі мүжіліп құлаған Боранбай бабасының зиратына қонып ұйқтап қалады. Оның түсіне бабасы Боранбай би кіріп: «Балам, сен ұрлығыңды таста, менің басымдағы құлап қалған қорғанды жаңала, сонда ғана кедейліктен құтылып, ұрпақты боласың», - дейді. Ұйқысынан ерте оянған Жарылғап бабасының жатқан жеріне құран оқып, атына мініп үйіне келеді де, көрген түсін әйеліне айтады. Екеуі ақылдасып, бірден Боранбай бидің басына көшіп келіп, жаз бойы шым ойып, лай жасап Боранбай бидің басына зират тұрғызады. Зират салып бітірген кезде, иен далада отырған жалғыз үйге, дала кезіп мал алып жүрген ұрылар кез болады. Олар ай – шайға қарамай, тапай тал түсте Жарылғаптың арқандаулы жалғыз атын жетекке алады. Жарылғап, оларға бабасының құлап жатқан зиратын көтеріп жатқан кедейді аяп, атын тастап кетуін сұрап жалынады. Бірақ, ұрыларды басқарып келе жатқан содыр мінезді адам, жарылғаптың өзін сөгіп, аруаққа тіл тигізеді де атты жетектеп шауып кете барады. Алдағы дөңесті өте бере шауып бара жатқан ұрылар басшысының аты сүрініп, аты да, өзі де сол жерде мерт болады. Естері шыққан ұрылар өзара ақылдасып,  Жарылғаптың үйіне қайта келіп, аруақтан кешірім сұрап, атын өзіне қайтарып, мерт болып пышаққа ілінген аттың етін сол үйге тастап кетеді. Содан кейін, осы болған жағдайды естіген ауқатты ағайындар ел болып  Жарылғапқа көмектесіп мал әкеліп беріп, оның дәлетінің өсуіне көмектесіпті. Көп жылдар бала көтермей жүрген әйелі ұл тауып атын Аралбай деп қойған екен. Қазір сол Аралбайдың ұрпақтары  өсіп – өніп бабаларының басын қайта көтеріп, ас беріп ел – жұртының батасын алып жатқан жайлары бар.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер