«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Кенжалы би
Кенжалы би
Дайындаған: 4 ай бұрын

             Найманнан шыққан Кенжалы Ырғызбайұлы жасынан билікке араласқан атақты Ақтайлақ, Тана, Сасан билердердің ісінен ғибрат алған сөзге шешен, тапқыр, қысқа сөйлеп, нұсқа әділ шешім шығаратын елге танымал би болға

       Бірде Кенжалы бидің ауылымен көрші отырған кірме, елінің намысын қорғайтын мықтылары жоқ орташа   ауылдың жылқыларын ұрылар айдап алып кетеді. Ауыл ақсақалдары жиналып айрылып қалған малдарын қайтарудың амалын іздейді. Содан, ақылдаса келе іштерінен еті тірі, пысық, батыр деп есептейтін жігітке үш – төрт адам қосып Кенжалы биге жібереді.  Кенжалы бидің аулына жеткен соң, жігіттер аттан түсіп тобымен үйге сәлем беріп кіреді. Топ бастап келген батыр жігіт:

   –  Ассалаумағалейкүм, алдияр би, естіген екі құлақта жазық жоқ деп төрге шықпай босағада үнсіз тұрып қалады. Сонда, төрде жастықта бір шынтақтап жатқан Кенжалы би  басын көтеріп:                                                                

   –  Уағалейкумсәлем, батырым, көрген көз үшеу жолыңнан қалма, – деген екен.

Батыр  сөзге келмей, кері бұрылып шығып кетеді. Оған ілесе соңынан ерген жігітер де шығып кетіпті. Аттарына мініп ауылдан шыққан соң қасына ерген жігіттер батырдан, оның бимен сөйлеспей шығып кеткенін түсінбегендерін айтады. Сонда батыр жігіт:

  –  Мен, биге жылқымызды алып кеткендер туралы екі түрлі хабар естідік. Оған берер сіздің жауабыңыз қандай деген едім. Кенжалы бидің жауабы:  

  – Айтып тұрғаның рас, оны көрген үш куә де бар, алаңдамай қайта беріңдер жылқыларыңды қайтарып  бергіземін, – деді ғой. Солай шешілген соң қайтып барамыз деген екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

     

 


 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер