«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Бекбосын бидің . тапқырлығы
Бекбосын бидің . тапқырлығы
Дайындаған: 2 ай бұрын

 

    Найман Қаракерейден тараған Байыс,  Байсиық елдері арасында барымтаға байланысты дау болады. Бұл екі ағайынды ел арасындағы даудың шығуына  Байыс елдерінің жігіттері Байсиық (Байсиық елін жұрт Семіз Найман деп атайды) еліндегі Домбай деген байдың жылқысын айдап алып кетеді. Байыс елі Семіз Наймандарға теңдік  бермей, оның арты бітпес дауға ұласады. Содан, Семіз Наймандарға, Байыс елінде билердің үлкен түселі (билер жиыны) өтеді екен, оған Тана  мырза төбе би болады деген хабар жетеді. Соны естіген Домбайдың он екі жастағы баласы Бекбосын (кейін ол, тапқырлығы мен әділдігі арқасында орта жүз жұртына белгілі би болған) әкесінен осы түселге барып, Байыс елімен арадағы дауды шешіп келуге рұхсат сұрайды.

Домбай:

–   Балам, Байыс қашан Байсиықтарды тең көріп сөйлескен еді, босқа әуре болма деп, келісімін бере қоймайды.

    Бірақ баласы өз айтқанынан қайтпай, әкесін мазалай берген соң, қасына ел ішінен біраз сөзге пысық, еттері тірі адамдарды қосып түселге жібереді. Жиын  болып жатқан жерге келген соң, Бекбосын сабырлық жасап түселдің аяғын күтеді. Түсел отырысы аяғына таяған кезде, он екі қанат ақ киізді ордаға кіріп, сәлем береді. Отырған жұртта, өзінің әдеті бойынша төрде екі қолын желкесіне қойып жұртқа билік айтып жатқан Тана мырзада балаға көңіл аудармайды,  сәлемін де алмайды.

Бекбосын олардың бұл қылықтарына абыржымай, дауысын шығарып:

–    Сөздің басы сәлем еді, елдің басы Тана би мырзадай дам еді. Халайық,  Танекем бұл дүниеден күдерін үзіп қара жерді жамбасына басқан ба? Қайран, асыл ағатайым – ай! – деп төрге қарай ұмтылыпты.

Сонда,  Тана би мырза тез басын көтеріп:

– Өй, енеңді ұрайын, мынау бала емес, пәле ғой қайдан келді? – деген екен. Бекбосынның тапқырлығына риза болған төбе би екі ел арасындағы даудың әділ шешімін шығарып Семіз Найман елін риза еткен екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер