«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қанайұлы Бекболат би
Қанайұлы Бекболат би
Дайындаған: 2 ай бұрын

Абылай ханнаың тұсында Қарауыл Қанайұлы Бекболат би, Қаздауысты Қазбекке, Шақшақұлы жәнібекке еріп Кіші жүз алшынға бір дауға барады. Бітім сөйлеуге Кіші жүзден бір адам шығады. Амандықьтан кейін әлгі кісі алақанын ашып үндемей тұрады. Бекболат: «Құп болады» дейді. Тағыда алақанын жұмып қолын созып тұрады. Бекболат: «Құп» дейді. Саусақтарын жазып, қолын созып тұрады. Бекболат: «Құп» дейді. Тағы сегіз саусағын көрсетеді. Бекболат: «Құп» дейді.

      Содан кейін Кіші жүздің кісілері кетіп қалады. Бекболат қасындағы билерге:

      – Дау бітті біз елге қайтайық, – дейді. ЕШашшақ ұлы лге келген соң Абылай, Қаздауысты Қазбек пен Жәнібектен:

     – Бітістіңдер ме? – деп сұрайды. Сонда екі би төмен қарайды.

     – Неге төмен қарайсыңдар? «Қатын ерге, ер жерге» қарайды дегендей, мен сендерді дауға жіберіп едім ғой, – дейді Абылай.

     Сонда екі би:

     – Мына Бекболат ждеген «құп» болады деп қайтты, – дейді.

     Абылай Бекболатқа қарап:

     – Барушы да өзің, сөйлеуші де өзің көрінесің, енді өзің айтшы, – дейді.

     – Дауда көп сөйлескеміз жоқ, ол жақтан билікке шыққан адам қолымен біраз ишара көрсетті.

     – Бірінші, алақанын ашқаны алысуға жараймын  дегені еді.

     – Екінші, қолын жұмғаны ашсам алақанымда, Жұмсаң жұдырығымда», тату – ьтәтті болайық дегені.

     – Үшінші, қолын созғаны «атса мылтық, шапса қылыш сенде де бар, менде де бар жанжалды қояйық жегені.

     – Төртінші, бір қолын екінші қолының үстіне қойып түйістіргені – «құшақтап көрісейік» дегені.

     – Бесінші, саусағын көрсеткені «сегіз күн өткен соң ханның алдына                 тарту  – таралғымен барайық» дегені.

     Сонда Абылай хан:

     – Уай, бәрекелді – ай! Алдамаса игі еді, – депті.

     Бекболаттың айтқанындай Кіші жүздің кісілері сегіз күн өткен соң тарту – таралғысымен Абылай ханның алдына келіпті. Сонымен бұл дауда көпке созылмай әуре - сарсаңсыз, дау - жаңжалсыз бітіпті.

Нысанбек Төреқұлұлы,  «Қазақтың 100 би - шешені» кітабы

 

Aqsaqaldar.kz

                             

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер