«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Кенжалы бидің шешімі
Кенжалы бидің шешімі
Дайындаған: 6 ай бұрын

     Кенжалының 16 – 17 жастағы кезінде ағайын арасындағы дауға шешім айтқан екен. Ол былай болыпты. Оның туған ағасы Төлек жылқышы екен.  Оның қасындағы жас жылқышы оны силап үнемі оған қызмет көрсетіп жүреді. Бір күні сол жігіт жылқының жілігінің майын балтамен шағып Төлекеге алып берейін дегенде, жіліктің ұшқан үшкір жаңқа сынығы оның көзіне тиіп, көзі ағып кетеді. Төле жас жігітті кіналап: «көзімді соқыр қылдың, айыбын төле», деп дау шығарады. Жігіт болса, «Мен әдейі жасағаным жоқ, бұл абайсызда болған жағдай, менің кінам жоқ», деп екеуі биге жүгінеді. Төлеке өзінің інісі Кенжеалыны қалайды. Жас жігіт басында оның өз туысына қарай бұрғанына күманданса да, артынан ризашылығын береді.                

      Олар Кенжалының алдына келеді. Ағасы Төлек: Мына жігіт менің көзімді шығарып мүгедек етіп қойса да, айыбын төлегісі келмейді, – дейді.       Кенжалы жігітке:

–  Бұған сен не дейсің? – дейді. Жігіт сонда:

– Мен не дейін, көзінің  сүйектен зақымданғаны рас, бірақ мен оны әдейі жасағаным жоқ, оқыстан болған еді. Мен оны жасы үлкен деп үнемі силап, атын еріттеп, мал сойғанда басты алдына тартып, үнемі жілікті шағып майын алып беруші едім. Бұл жолы да солай болған еді. Жазатайым болған дүние «Жазым болса быламықтан да тіс сынады» деген ғой, әділ шешіміңізді айтыңыз, – депті.

Сонда Кенжалы ағасына бұрылып:

–  Мына жігіттің айтып отырғаны рас па? – дейді.

– Рас, депті Төлек.

Сонда Кенжалы ағасына: Жігіттің сөзі рас болса, көзіңнің құны төленіпті ғой.

Төлеке таңданып:

– Ұқпадым, қалай төленеді? – дейді.

Кенжалы:

Мына жігіт сізді көп жылдар силап жіліктің майын алып беріп келген екен.  Сенің жеген жілік майы мен көз майы теңелген екен. «Адам ненің қызығын көп көрсе, соның азабын бір тартады» деген осы. Бұл жігіт әдейі жасаған жоқ, осымен дау бітті, – деген екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер