«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Кегенбай би
Кегенбай би
Дайындаған: 3 ай бұрын

Кегенбай би Жомартұлы – заманында Орта жүзге әйгiлi, әдiлдiгi, шешендiгi, ерлiгi әрi елге қамқорлығымен халық сүйiспеншiлiгiне бөленген бiр туар тұлғаның бiрi болған. Мұрын iшiнде Жолымбет-Тоқабай. Туған жылы, өлген жылдары мәлiмсiз. Шамамен ХҮIII ғ. екiншi ХIХ ғ. бiрiншi жартысында өмiр сүрген. Қаз дауысты Қазыбектiң немересi Тiленшi бимен замандас.

Арғын мен Найман арасындағы бiр дауды шешу үшiн Кегенбай би Қаз дауысты Қазыбектiң немересi Тiленшi бидiң ауылына кеп түседi. Қонақ түсетiн үйлер бөлек екен. Қонақтарды жайғастырған соң, Тiленшi:

– Найманның биi қандай адам екен, асықпай анықтап келшi, деп бiр сенiмдi адамын жұмсайды. Кегенбайға сәлем берiп, бiрталайдан соң келген ол:

–  Қаршығадай шағын денелi кiсi екен. Сәлем берiп әңгiмелесiп байқадым. Етек-жеңiн қымтап, қамшысын қолына ұстаған бойы жүрiсiнен отырып сөйлестi, – дегенде Тiленшi:

–  Етек-жеңiн қымтап ұстауы - елiн шашыратпай, iргесiн бүтiн ұстайтын адам екен. Қамшысын қолына ұстап жүресiнен отырып сөйлеуi - елiм үшiн бәрiне бекеммiн дегенi ғой, – дептi. Бiраздан соң өзi барып, сәлемдескеннен соң Тiленшi өз-өзiнен:

– Аттан тайдың озғаны-ай,

Шермеуiштен би қойып.

Қайран елдiң озғаны-ай, – дедi.

Сонда Кегенбай би:

Алтынның түймедейi пұл болды,

Шойынның батпандайы құм болады.

Арғы тегi шикiлер ел билептi,

Иесi қайран елдiң кiм болды?

Құм жиылып тас болмас,

Құл жиылып бас болмас, – деп Тiленшiнiң арғы тегiндегi бiр шикiлiктi еске түсiрсе керек. Сөзден ұтылған, әрi Кегенбайдың осал емесiне көзi жеткен Тiленшi Кегенбайды ерекше сыйлап, бiрнеше күн жiбермей қонақ қыпты. Әрi дауды да әдiл бiтiрiп қайтарыпты.

Кегенбай әрдайым елдiң бiрлiгiн, татулығын сақтауға үнемi күш салған. Бiрде Сәдi деген атадан 6 ауыл жерсiздiктен лажсыз елдi тастап, Қытайға қарай көшедi. Мұны ести салысымен арттарынан кiсi шаптыртып, Нәуiм деген жерде тоқтатыпты. Бұдан соң елдiң сөз ұстар басты азаматтарын жиып алып:

–  Менiң мақсатым  құрамадан жисам да ел қылу, құланнан жисам да мал қылу. Ал өзiмiздiң ағайынды жерсiз қалдырып, сыртқа қаңғытудан ары сорақылық болмас. Сондықтан осы алты ауылға лайықты қоныс боларлық жер бересiңдер деп бұйырыпты.

–  Олай болса, әр ата бiр-бiр ауылға өз iшiмiзден қоныс берейiк. 6 ауылды шiлдей бытыратып, бiр-бiрiнен ажыратуға болмас. Алтауы бiр-бiрiнен ажырамай, қонысы қатар болсын. Өздерiң ақылдасып, елдi бiр-бiрiне сыйластырып, тұтас қоныс табуларыңа болады, – дептi. Бидiң айтқанын бұлжытпай ел басылары 2-3 күннен соң әлгi 6 ауылға да бiр жерден Қарғыба өзенi бойынан лайықты қоныс берiп орналыстырыпты. Қарғыбаның орта тұсынан суы мол Көкбұқа деген жерден егiстiк жер әперiптi. Сол ауылдың ұрпақтары биге разы боп, өздерiн Кегенбай - Сәдi ұрпағымыз деп, күнi бүгiнге дейiн бидiң атын қосып атайды.

Сол сияқты бiр кезде жерсiздiктен Шойтабан Ораз ауылы да /бiрнеше үй/ Қытайға қарай көшкенiн ести салысымен өзi бастап артынан қуып кеп, жұрын кезеңiнде тоқтатады да, бiрнеше қыстау және Қарғыба бойынан жеткiлiктi мөлшерде егiстiк жер бөлiп бередi. Осылай жайлы орналасқан Ораз ауылы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған жерлерiнiң игiлiгiн көрiп бидiң қасиетiне ерекше риза болғандықтан, бұлар да өздерiн Кегенбай - Оразбыз деп атап кеткен. Қазiр Кегенбай ұрпағына бидiң өз тұсында көп сiңген 30 шақты үй Тарақты да бар. Бидiң 14 баласының екеуi асыранды екен. Сол екеуiн iшiнен шыққандардан бөлмей, тең өсiрiптi. Ұзақ жасап, шымылдық түсiрiп жатып қалған би елдi ұстай алады-ау деген бiр жас жiгiтке өз орнына билiкке бата берудi ойлап, әуелi өз балалары мен iнiлерiн шақырып: – Үш жұмбақ айтам, соны шешкендерiңе би болуға бата берем, – дейдi.

Сондағы жұмбақтары: «Аяққа түскен кiсен не, белге түскен кiсен не, мойынға түскен кiсен не?» – дептi. Мұны ешқайсысы шеше алмаған соң, алыс ағайындарындағы өзi сынап, байқап жүретiн дәмелi жастарды шақыртыпты. Сонда басқалары үнсiз отырып қалғанда Сары деген атадан жас жiгiт Жаматай ұлы Боқбасар:

– Аяққа түскен кiсен – еркiн өмiр бозбалалықты тастап, үй болып аяқтан шырмалу, белге түскен кiсен – балалы болу, ендi үй тауқыметiне бала-шағаңды тәрбиелеу, жеткiзу мiндетi қосылады. Бұл екеуi барлық пендеге тән. Ал мойынға кiсен түсу – бүкiл ел тағдырын өмiр бойы мойнына алған өзiңiз сияқты кемеңгер ерлердiң ғана еншiсi, – деген екен. Кегенбай батаны қолма-қол берiптi. Боқбасар да заманында айтулы ел басшысы болған. Ал Кегенбайдың бұл iсiнен өз мүдесiнен ел мүдесiн жоғары қойған, «Тура биде туған жоқ» деген халықтық қағидадан табаны таймай өткен кемеңгерлiктi, даналықты көремiз.

Кегенбай би қайтыс боларда үш арманым бар деген екен дейдi артындағы ұрпақтары:

Бiрiншiден – жақсы атқа нардың құнын кеспедiм. Екiншiден – жақсы әйелге ердiң құнын кеспедiм, Үшiншiден – қарусыз жүрген еркекке қатынның құнын кеспедiм.

Кегенбай ұрпағынан Шерубай, оның баласы Омар болыс, Сәрсен, оның баласы Шегедек сияқты ел иелерi шықса, Шегедек балалары; Жанахмет, Биахмет, Дәлел, Халел осы төртеуi де, өткен ғасырдың 20-жылдарындағы Ақсуат бойынша озық ойлы оқыған азаматтар болды. Соның iшiнде Алаш қозғалысын Әлихан, Ахмет, Мiржақып, Жүсiпбектермен бiрге басқарған, алты алашқа аты мәлiм Биахмет Сәрсеновтiң /1885-1921/ орны ерекше.

 

Төлеубай Сыдықұлының,  шежіре  жазбаларынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер