«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Шәңкі биден қалған сөз
Шәңкі биден қалған сөз
Дайындаған: 4 ай бұрын

Шәңкі шешен ескіше оқыған, өз заманының сауатты, халық тағдырындағы шиленісті дау – дамай тудырған мәселелерге белсенді араласқан. Әділ шешім қабылдаудағы шешендік пен тапқырлық қабілетімен би атанған. Ол жас кезінен жұрт жиналған, қызықты айтыс – тартысқа толы жерледе үлкендерге қызмет көрсете жүріп, құлағын солардың сөздеріне тосумен өзінің шешендік дарынын жетілдірген. Осындай бір  жиын Атығай елінің биі Зілқараның асын бергенде болады. Бала Шәңкі қонақтардың қолына су құйып жүргенде аяғы сүрініп, жығылып қалыпты. Сонда оны  келемеждеген Мама би «бала, олжаңнан  мағанда» деп күліпті. Сонда бала Шәңкі кідірмей, аяқ астынан:

Таңның таң екенін кім біледі,

Сарғайып барып атпаса,

Күннің күн екенін кім біледі,

Қызарып барып батпаса.

Орданың орда екенін кім біледі,

Мен сияқты күтуші,

Сүрініп – жығылып жатпаса.

Иттің ит екенін кім біледі,

Жығылып жатқан баланы,

Тақымнан алып қаппаса, – деп Мамай бидің аузын жапқан екен.

 

                   *

 

         Өмірін әділдік пен адалдық үшін күресіп  өткізген әрі шешен, әрі би Шәңкіден мынадай сөз қалған екен:

Білгенге сөзім сом алтын,

Білмегенге арам ас.

Дүниеге құмарлар,

Сөз тыңдауға жарымас.

Сөз жинаушы – алтын қазушы,

Наданға айтып асыл сөз,

Қор қылуға жарамас.

Теңіз басы бұлақтар,

Сол бұлақтар тасымай,

Айдындарға су толмас.

Аталы сөз – тоғыз қабат қорғаның,

Сөз білмеген – ала тәнді жалаңаш.

 

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер