«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Мөңке бидің жауабы
Мөңке бидің жауабы
Дайындаған: 1 апта бұрын

        Ертеде бір жігіт Мөңке биді сыртынан естіп бір көруге ынтық болыпты. Содан Мөңке бидің ауылына барып қонақ болады. Жігіт үйге кіргенде Мөңке би:

–  Түлкім жоғары шық, – деп қарсы алады. Дастархан жайылып шай ішіп отырғанда Мөңке би: 

–  Сыншым сөйлей отыр, – депті. Қонақ жігіт ештеңеге түсінбей, сөйлеуге ыңғайсызданып отыра береді.  Дастархан жиналып жігіт қайтуға ыңғайлана бастаған кезде Мөңке би:

  – Жыршым, бізден рұхсат, риза болып үй – ішіңе  аман – есен жет, ел – жұртыңа сәлем айт, депті.

Сонда, қонақ жігіт Мөңке биге сауал қойған екен:

–  Сіз маған үш жұбақ сөз айттыңыз, мен бірақ сіздің тұспалдаған сөздеріңізді түсіне алмадым. Маған нені меңзегеніңізді түсіндіріріп берсеңіз. Сонда Мөңке бидің берген жауабы:

–  Сен табалдырықтан атаған кезде, меймандарға тән мінезбен толқып, құбылып үйге кірген соң, бірінші сөзді айтқан едім. Үйге жаңа келген қонақ біраз отырған соң, үй ішнің жан – жағына  сынайтын көзбен қарайды. Менде сенің дастархан жайған кезде үй ішін көзіңмен сүзіп шыққан қылығыңа қарап, содан кейін сені сыншы деген едім. Қонақ еліне барғанда естіген, көрген, білгендерін жырдай қылып айтып жүреді. Сондықтан, саған жыршы деп айтқаным ғой, – деген екен.

Ел аузынан

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер