«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Шернияз
Шернияз
Дайындаған: 2 апта бұрын

Бірде Шернияз шанаға нар жегіп қасына баласын ертіп жолаушылап шығады. Қыс күні боранда жаураған соң кездескен ауылдағы бір үйге келеді. Үй иесінен көлігін оттатып, өздерінің жылынуна рұхсат сұраса үй иесі жақтырмай:

–    Қонақ күтетіндей жайым жоқ, жылқым жұтап, өзімде жүдеп отырмын, –  депті.

Шернияз:  – Қай ру боласыз? – десе.

Үйдің иесі:

–   Не қыласың қай ру екенімді?  Құда болайын деп пе ең? Танысаң адайың боламын, танымасаң құдайың боламын. Жолыңнан қалмай жөніңе жүре бер! – деген екен. Сонда Шернияз тұрып:

Мен саған не қылайын Адай болсаң,

Үйіңнен шай берсеңші олай болсаң.

Жылқыңның өлімтігі иттен де көп,

Жылқыңды неге қырдың, құдай болсаң?

Тарыдай талқаныңды шығарыпты,

Құдаймен бір азғана сыбай болсаң. – депті.

        Үй иесі өзінің ағат қылығына кешірім сұрап, Шерниязды күтіп қонақ еткен екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер