«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
«Жеті қазына» - деген не...
«Жеті қазына» - деген не...
Дайындаған: 3 апта бұрын

        Бір отырыста Әнет бабаға, «Жеті қазына деген ұғымға не жатады?», – деп сұрақ қойыпты. Сонда Әнет баба олар:

– Әйел, ер жігіт, ілім – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, алғыр ит, – деген екен.

       Сонда сұрақ қойған адам:

–     Ау, Баба, қазақтың мақалы бар «Бала белде, қатын жолда» дейтін. Егер, жігіт ер болса жаудан олжалап қатын алады, ал, айттырып қатын алар болса шығынданып қалыңмалына қырық жылқы беретіні бар. Қазақта мынандай да мақалдар бар, «Қойныңдағы қатыныңа сенбе, астыңдағы атыңа сенбе» және «Атың жаман болса сатып құтыласың, қатының жаман болса қайтып одан құтыласың» деген. Сонда қалай, әйелді жеті қазынаның бірі  деп айтқанымыз дұрыс болар ма екен? – депті.

Сонда, Әнет баба:

–      Әйел жеті қазынаның жай біреуі емес, бірегейі болады. Бұл дүниедегі бар тіршіліктің анасы – әйел. Сондықтан да, әйел затына тілде, қолда тигізуге болмайды, ол үлкен күнә. Пайғамбардың өзі әейлдерді қатты құрметеген көрінеді. Ал енді ауыл іші кейбір бейпіл ауыз, шарқыш әйелдерге қарап әйел затына жаман сөз айтуға болмайды. Ондайларға әрқашанда тыйым салу қажет, – деген екен.

 

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер