«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қопа шешен
Қопа шешен
Дайындаған: 2 ай бұрын

Бірде, Қопа шешен жолаушылап келе жатып, сусын ішуге жол үстінде отырған Сләмбек байдың үйіне түседі. Бай үйінде болмай шығып, оның бәйбішесі қымызды тостағанға құйып беріпті. Сонда ұсынған сусынға көңлі толмай тостағандығы қымызға қарап отырып:

      Бисмиләһи, сары аяқ,

      Ас құйғанның бәрі аяқ.

      Азырқанбай ішейін,

      Тағы берер бір аяқ.

      Алшекемнің мирасы,

      Қайда кеткен шара аяқ?! – депті, де аттанып кетіпті.

    Ауылына келе жатқан Сләмбек үйінен атанып бара жатқан салт аттыны алыстан көреді. Үйіне келген соң:

–  Мынау, келіп кеткен кім? – деп сұрайды. Бәйбішесі: Білмеймін, аты – жөнін сұрағаным жоқ. Қымыз ішкен сары аяқпен сырласып, соны сөз етіп кетті – ғой, – депті.  

   Сонда Сләмбек әттеген – ай:

  –  Мен, осы жақта Қопа шешен жүр деп естіген едім, дәу де болса сол екен ғой бұл. Ол тегін адам емес, оның тілі өткір барша ел – жұртқа жайып күлкі қылатын болды, – деп артынан кісі жіберіп алдыртады. Сләмбек бай  Қопа шешенді үйінде бірнеше күн күтіп, жақсылап силап, айыбына ат мінгізіп қайтарыпты.

 

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер