«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Сеңкібай бидің шешімі
Сеңкібай бидің шешімі
Дайындаған: 3 ай бұрын

Баянауылда күйеуі өліп, бір жас келіншек әменгерлік салттың шырмауынан қалай құтылары білмей жүреді. Тоқалдыққа алмақшы болып жүрген Әлкен деген бай қайнағасының жылқысын бағып жүрген бір момын жігітпен көңіл қосады да бір түнде қашып кетеді. Қашқанда да жай қашпайды, екеуі жылқыдан екі бедеуді міне қашады. Жылқышы жігіт Қарқаралы жағынан екен. Екеуі еліне келіп, отау тігіп ел қатарлы тіршілік етіп жүре береді. Екі бедеуді сатып керек – жарағына жаратады.

   Қыс өтіп жаз шығады. Жесірін іздеп Әлкен би сабаудай алты жігітпен Қарқаралыға келеді. Бұл кезде Сенкібайбың билік, шешендік даңқы сол өңірге жайыла бастаған кезі екен. Баянауылдықтар басқа үйді былай қойып, тура Сеңкібайдың өз үйіне түседі. Мал сойылды, дастархан жайылды. Әңгіме бастал ады. Әлкенбай ожарлық мінезіне басып:

  –  Жесірімді қайтар! Екі бедеу аттарымның ықтиярын өзіме қайтар. Оның жазасын өзім берем, - деп екілене түседі. Сеңкібай ары – бері жөнге салса көне қоймайды. Сонда Сеңкібай:

  –  Әлкук – депті ертеде сіздің бір атаңыз Баянтау баурайындағы көк майса жайлауға таласып, оязға былай деп шағым айтыпты: Баянтау да менікі, ондағы жайлау да менікі, оның талы да менікі, аңы да менікі, құсы да менікі. Қысқасы, Баян да менікі, ондағы қоян да менікі, - деп дауды көбейте беріпті. Сонда әлгі ояз қу неме екен, тілмашынан сұрап түсініпті де: «Черт возьми, все твоя, а другим что остается!» – деген екен. Сол айтпақшы сіз: Жесір менікі, Құл – құтан да менікі, олар мініп кеткен атта менікі деп үйірімен жылқы сұрайсыз. Сонда өзгеге не қалады? Қой, өйтіп құнқұмарлыққа салынып дауды көбейтпеңіз! Жесір теңін тауыпты, теңін тапса тегін бер! – деген. Екуі сүйіп қосылыпты. Енді екі жастың обалына қалмаңыз.  Олар да адам. Екі бедеуіңізге жылқыдан таңдап екі ат ал. Жігіт кәдесін істесін.  Осылайша құда – жекжат боп, тату – тәтті қатысып жүріңіздер! Ал жұртшылық бұған қалай қарайсыздар? – дегенде, көпшілік «Сеңкібай дұрыс айтады», – деп шу ете қалыпты. Бір ақсақалды қария Әлкен байға қарай қол жаяберіпті.

Нысанбек Төреқұлұлы,  «Қазақтың 100 би – шешені» кітабы

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер