«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Асыл тастан, ауру астан...
Асыл тастан, ауру астан...
Дайындаған: 4 апта бұрын

      Өкінішке қарай, тамақтанумен байланысты бұзылыстар тек оның жеткіліксіздігімен байланысты деген пікір қалыптасқан. Ал шамадан артық тамақтану салдары жүрек-қантамыр аурулары, қатерлі ісік, диабет, және басқа да көптеген қатерлі аурулардың дамуына апаруы ықтимал болғандықтан, қазіргі заманымыздың күрделі мәселесіне айналуда.

      Қазіргі кезде тамақтану жеткіліксіздігіне шалдыққан адамдар саны және артық дене салмағы бар адамдар саны теңесуде. 1980 жылдан бастап тамақтану жеткіліксіздігіне шалдыққан адамдар саны біртіндеп азайып: 1,2 миллиардқа жетті; ал семіздікке шалдыққандар саны 2010 жылға қарай екі еседей көбейген: 300 млн. құрайды; дене салмағы артық адамдар саны: 1,7 миллиардқа дейін жеткен. 1975 - 2016 жылдар аралығында әлемде семіздікке шалдыққан адамдардың саны үш еседен астам өскен.

Жаһандық деңгейде төмен дене салмағына қарағанда артық дене салмағы мен семіздік өлім-жітімге жиі ұшыратады. Мысалы, әлем халықтарының 65% төмен дене салмағына қарағанда артық дене салмағы мен семіздік өлім-жітімге жиі ұшыратқан елдерде тұрады, бұл санға жоғары табысты елдердің барлығы мен орташа деңгейлі табысты елдердің көпшілігі кіреді. Артық дене салмағы мен семіздік ДДҰ деректеріне сай жаһандық деңгейде өлім-жітімнің бес негізгі қауіп факторларының біріне жатады. Жыл сайын кемінде 2,8 миллион ересек адам артық тамақтану (артық дене салмағы мен семіздік) себепті өлімге ұшырайды.

      Бала өрбіту жасындағы әйелдер арасында семіздікке шалдыққандар саны артуда. Артық дене салмағы жүктілік пен босануда асқынуға апарады. Кесарь тілігі, преэклампсия және гестациялық диабет, туа бітетін кемістік дамуы қаупін арттырады. Аналар семіздігі нәрестесінің салмағы артуы қаупін де арттырады, үлкен салмағы бар (4500 г асатын) балалар көбірек дүниеге келуде, бұл болашақта семіздік дамуына ықпал етеді.

Дене салмағының артық болуы және семіздік адамның қан қысымы көтерілуіне, гиперхолестеринемияға, инсулинге сезімталдық қабілеттің төмендеуі си яқты кері метаболизмдік бұзылыстарға ұшыратады. Осыдан жүрек-қантамыры аурулары, инсульт, қант диабеті және көптеген қатерлі ісік түрлерінің қаупі жоғарылайды.

      Дене салмағының артық болуынан зардап шегетін (170 см бойына 90 кг салмағы бар) 1400 ер адамның медициналық сырқатнамасын зерттеген профессор Мерилл Эласс, қатерлі ісік, инсульт, жүрек-қантамыр аурулары дамуына семіздіктің себепші фактор болуы жөніндегі бұрыннан белгілі мәліметтерге қоса оның ойлау қабілетін төмендету әсерін де анықтаған. Ал осыған дейінгі зерттеулерде интеллектуалдық коэффициенті төмен адамдар дұрыс тамақтанбауы салдарынан дене салмағын арттыратындығы айтылып келген.

      Семіздік эпидемиясының күшеюіне байланысты ДҰҰ Еуропалық өңірлік бюросы ДДҰ Еуропалық министрлер конференциясын ұйымдастырды (Турция, Стамбул, 2006, 15-18 қараша), сонымен қатар, семіздікпен күрестегі негіздік құжаттар қабылданды.

Қазіргі кезде семіздік заттектер алмасуындағы терең бұзылыстарға байланысты созылмалы аурулар қатарына жатады, олардың пайда болуында энергетикалық факторлармен қатар үйлесімді тамақтану ұстанымдарының бұзылысы үлкен рөл атқарады. Семіздік эпидемиясының күрт өсуі тағам өнімдеріне қол жетімдіктің артуымен және дене белсенділігінің азаюымен, яғни, энергия шығындалуының кемуімен байланысты. Энергия тұтыну ұзақ уақыт бойы оның шығындалуынан асатын жағдайда ғана адамдар семіздікке душар болады.

      Энергияны артық тұтыну қаупінің артуы майлар, тәттілер мөлшері - жоғары, ал талшық мөлшері – төмен болатын тамақтану рационын ұстануда, сонымен қатар, тағамды үлкен үлеспен тұтынуда байқалады. Энергия шығыны төмен деңгейде болатын аз қимылды өмір салты да семіздік дамуына ықпал етеді.

      Семіздік әлеуметтік жіктік пайда болуының себебін де, салдарын да құрайды. Әлеуметтік жағынан әлжуаз топтар семіздікке жиі душар болады, олар үшін өмір салты мен денсаулыққа қатысты білім мен ақпараттың, дене белсенділігін арттыруға септігі бар шаралардың жетімділігі нашар келеді, ал арзан тағам өнімдерінің қоректілігі әлсіз, бірақ, калориясы жоғары.

      Балалар семіздігі көбінесе ересек жаста жүрек-қантамыр ауруларының, диабет, ортопедиялық мәселелер мен психикалық бұзылыстардың даму қаупі саналады. Метаболикалық және жүрек-қантамырлық қауіп факторлары балалық шақта пайда болып, ересек өмір бойы сақталады, денсаулықтың нашарлау қаупінің артуына және мезгілсіз өлім-жітімге апарады. Толық денелі жасөспірімдер есейген шақта үлкен салмақ қосып, жиі ауырады және ересек өмірінің ұзақ бөлігінде емделуге мұқтаж болады, табысы төмен деңгейде болып, әлеуметтік оқшаулануға душар болуы ықтимал. Балалық шақтағы семіздік ересектерде семіздік дамуының маңызды болжамды факторы, сонымен қатар, мектептегі оқу үлгерімінің және өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне де апарады.

      Семіздік пен онымен байланысты ауруларды балалық шақтан алдын алу әлемдегі аса маңызды мәселеге айналуда. Балалар өздерінің ұстаздары мен дәрігерлер ұсыныстарына қарағанда коммерциялық жарнама әсерін қабылдауға көбірек бейім келеді. Балалар арасындағы артық дене салмағы мен семіздіктің негізгі себебі – тұтынатын және шығындайтын калориялар арасындағы тепе-теңдіктің бұзылысы.

      Балалар арасындағы артық дене салмағы мен семіздіктің жаһандық көлемде ұлғаюы бірқатар факторларға байланысты, атап айтқанда:

– Майлар мен тәттілер мөлшері - жоғары, дәрумендер, минералдар және басқа салауатты қоректік микроэлементтер мөлшері - төмен болатын жоғары калориялы өнімдер тұтынудың артуы жағына қарай орын алған тамақтанудағы жаһандық өзгерістер;

      – Демалыс және бос уақытты отырумен өткізетін өмір салты кең таралуының, жүру-қатынау тәсілдерінің өзгеруі мен қалаға айналудың артуы нәтижесінде дене белсенділігі деңгейінің төмендеу тенденциясы.

ДДҰ деректері бойынша семіздіктің балалар арасында таралуының артуы қоғамдағы өзгерістермен, салауатты тамақтанбаумен және дене белсенділігінің төмен деңгейімен байланысты. Бұл мәселе балалардың мінез-құлығына байланысты болуымен қатар ауыл шаруашылығы, көлік, қалалық жобалау, қоршаған орта, өндіріс, тағам өнімдерінің таратылуы, т.б. және білім саласындағы саясатқа, әлеуметтік және экономикалық дамуға да тәуелді. Бұл     

      – әлеуметтік мәселе, сондықтан, оны шешуде жалпы халықтық деңгейде, мәдениет ерекшеліктерін ескеретін, көпсекторлық, көпсалалық тәсілдер қолдану қажет.

      Өкінішке қарай, әлемнің көптеген елдерінде жылдам арықтау жөніндегі тиімділігі жалған тағамдық қоспаларды, артық майды сылып тастайтын липосакция, басқа да косметикалық операцияларды жарнамалауға кететін шығынмен салыстырғанда халықтың дұрыс тамақтану жөніндегі білімін арттыруға өте аз көлемде қаржы жұмсалады.

Бұл орайда дұрыс тамақтану ережесі аса күрделі еместігін атау қажет. Оларды қиындықсыз жүзеге асыруға болады. Мысалы, Сингапурде тиімді тамақтануға үйрететін арнайы бағдарлама бойынша оқушылар арасында жүргізілген шаралардың арқасында балалар семіздігін 50%-ға төмендетуге қол жеткізілген. Мұндай бағдарламаның нәтижесі аса ұтымды. Бұл балалар есейгенде елдің сау қарымын арттырып, дұрыс тамақтануды насихаттап, қоғамда салауатты тамақтану үлгісін қалыптастырады.

Семіздік Қазақстан денсаулық сақтау саласының өзекті мәселесіне айналуда.

Қазақстанда жүрек-қантамыр аурулары, бауыр және өт жолдары аурулары, гипергликемия және диабет секілді ауруларға шалдыққан әйелдер мен ерлер пайызы дене салмағы индексінің ұлғаюымен артатындығы анықталған және бұл жағдай артық дене салмағы бар, әсіресе, семіздікке шалдыққан адамдар арасында едәуір жиі кездескен.

Тексерілген тұрғындарда негізгі алмасу және тамыр соғу жиілігінің шамасы, систоликалық және диастоликалық артериалдық қысым, организмдегі жалпы және висцералдық май мөлшері, қаңқа бұлшық еті деңгейі зерттелген. Аталған көрсеткіштердің шамасы, қаңқа бұлшық етінен басқа, дене салмағы индексінің және жас ұлғаюымен артатындығы анықталған. Адам организміндегі қаңқа бұлшық еті деңгейі, керісінше, дене салмағы индексінің және жас ұлғаюымен кемиді.

      Гипергликемия, гиперхолестеринемия және гиперүшглицеридемия түріндегі көмірсулық және май алмасуының бұзылыстары таңертең аш қарынға зерттелуінде дене салмағы индексі қалыпты саналған әйелдер мен ерлерге қарағанда артық дене салмағы бар, әсіресе, семіздікке шалдыққан, адамдар арасында едәуір жиі кездескен.

Семіздік таралуының артуы аурушаңдық пен мүгедектік деңгейлерін едәуір арттырады, қосарланған аурулар барысын асқындырады, өмір сапасы мен денсаулықтың жалпы жағдайын нашарлатады, күтілетін өмір жас ұзақтығын азайтады. ДСИ (дене салмағы индексі) қалыпты шамасынан артық адамдарда келесі аурулар даму қаупі жоғары болады:

      – Жүрек-қантамыр аурулары (гипертония, дислипидемия, атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, миокард инфаркті, инсульт).

      – Эндометрийдің, жатыр мойнының, аналық бездің, қуық асты безінің, сүт безінің, тоқ ішектің, тік ішектің, бүйректің, бауыр мен өт қабының қатерлі ісіктері.

      – Екінші типті диабет, және инсулинге көнбейтіндік.

      – Остеопороз, артрит, подагра.

      – Терең вена тамырларының (көктамырдың) тромбозы.

      – Өт және несеп тас түзілуі.

      – Жүктілік пен босану асқынулары.

      – Репродуктивтік қызмет бұзылыстары.

 

Төрегелді Шорманов

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны