«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Бір пұт тұз
Бір пұт тұз
Дайындаған: 2 ай бұрын

- Бір адамды танып білу үшін, бір пұт тұз жеу керексің,- дейтін әжем менің. Баламын ғой, ол сөздің мағынасын түсінбей басым әңкі-тәңкі болады да, шыдамай:
- Апа, сонда қалай? 
- Құлдық қылайын-ау(неге екенін білмеймін, нағашы әжем осы сөзді немерелеріне жақсы көргенде айтатын), өзің ойлашы бір қап тұзды жей аласың ба сен? -дейді. Менен бір жас үлкен нағашы әпкем Нұргүл екеуміз басымызды шайқаймыз. 
- Апа, қызықсыз...Бір қап түгілі бір ас қасық тұзды жей алмайсың ғой,- деймін мен білгішсініп. 
- Неге жей алмайсың? Ал мен жеймін, көрсетейін бе? Оп-оңай ғой,- деді де, екі жас үлкендігі бар Бахон ас бөлмеге қарай жүгіріп кетті. 
- Өй, жүгермек, байқа тұзды, қолыңнан түсіріп алма! -деген әжемнің сөзін ілмей, Бахон бір ас қасық тұзды аузына салып үлгерді. Одан еркекшора әпкем Айгүл қалыссын ба:
- Ой, алып келші бері? Көзіңнен жасың ағып кетті ғой, уахаха, -деп ол да бір қасығын жұтып жіберді. Артынша екеуі қақалып-шашалып қалды. Біз Нұргүл екеуміз ішек-сілеміз қатып күліп жатырмыз. Апам да мырс етіп күліп жіберді де: 
- Әй, Жаңагүл, мына екі жүгермекке айран алып келші?! Қазір өледі, -деп үйдегі жаңа түскен келінін жұмсады. Аққұбаша келген, аласа бойлы, талдырмаш нәзік жеңешем бір сапар кесемен тұщы айранды әкеліп берді де, сықылықтап күле берді.
- Ай, аңғалдар-ай… ай, апа-ай, осыларға әңгіме айтып отырған сізде қызықсыз, -деп етегімен көз жасын сүртіп шығып кетті. Айранды ішіп ауыздары жағал-жағал болған екі немересіне қарап апам: 
- Көрдіңдер ме, бір ас қасыққа бола қақалып-шашалып жатырсыңдар. Ал енді бір пұтты көз алдарыңа алып келіңдерші…
Әжеміздің сөзін аяғына дейін тыңдамастан Айко, Бахон, Нұргүл үшеуі далаға қарай жүгіріп кетті. Енді орнымнан тұра берген едім, Зағипа апам:
- Мә, қарап отырмай жіпті сабақтап бер, мына көрпені тігіп тастайын,- деп маған жіп пен инені ұсынды. Шындығымды айтсам, даладағы қызықтан қалып бара жатқаннан соң ба, әлде, апам жұмсай бермесін дедім бе, жіпті барынша ұзартып, инеден өткіздім де: 
- Мә, алыңыз апа. Мен кеттім ойнауға,- деп қолына ұстата бергенім сол еді, есіктен сүрініп-қабынып көрші бүкір әже кіріп келді. 
- Әй, Зағипа, немене тағы көрпе тігіп отырмысың?
- Немерелер көп қой, не істейін солардың қамы ғой.
Сытылып шығып бара жатқан менің ту сыртымнан нағашы әжемнің айқайы естіледі: 
- Ай, осы балаға жіпті көкте десем, сала құлаш қылып беретіні несі? Әй, Нұргүл, Айгүл, Қарлығаш, Бахон… 
Менің атымды айтқанша есіктің арғы жағында аузымды жауып, күліп тұрамын. 
- Әй, Ләйла.
Осы кезде шыдамай кетемін. Өмірі сол тетелес сіңліммен шатастырады.
-Түу, апа, қанша рет айтамын. Бибігүлмін мен! -деймін бұлданып. 
- Айналайын-ау, мынауың не? Ай, сен осы қыз өскеннен соң, Алтайдың қиыр шығысына кететін шығарсың күйеуге. Осылай сабақтауға бола ма, жалқау неме? 
- Қазір Айконы шақырамын сол күшті сабақтайды, -дедім де, үйден атып шықтым. Иә, немерелерінің ішіндегі ең керемет жіпті көктейтін менің туған әпкем Айгүл. 
- Ойпырым-ай, осы бала жіпті сатып алатындай көктейтіні несі? Теңелдің балаларына кетпесі болғаны ғой, -дейді тағы Айгүлді де жақтыртпай, бұрқылдап.
Теңел деген құдайы көршісі, әрі замандасы. Сол кісімен құда болу нағашы әжемнің арманы. Кейін апамның айтқаны дәл келді. Жіпті он сантиметрден артық сабақтамайтын туған әпкем, бір көше жоғары көрші жігітке тұрмысқа шықты. 
Уақыт өте әжемнің айтқан бір пұт тұз мақалын да түсінгендеймін. Иә, адамның мінезін білу үшін, тұз жеу керек...

 

Бибігүл, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны